- Advertisement -

Рақмет саған, дәрігер!

136

- Advertisement -

Әрбір адамның өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау кім-кімге де болмасын үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені дәрігерлер адамның жандүниесін өте терең білумен қатар, адам тағдырына нұмқұрайлы қарамайтын, төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек. Олай дейтінім, ақ халатты абзал жандардың алдына күн сайын балтыры сыздап, басы ауырған қаншама жан келеді. Сондықтан да халықтың алғысына бөленген ақ халатты абзал жандар дер едім.

Мен Баялбекова Мейрамкүл Қартайғанқызы үстіміздегі жылғы 7 мамыр күні ауыр халде Шу аудандық ауруханасына түстім. Сол кезде мереке күні болғанына қарамастан қол ұшын берген дәрігер Маткаримов Мақсат Бейменұлы болатын. Ал мені жедел жәрдем көмегімен дәрігер Бимаханбет Мағжан Асқарұлы және мейірбике Мөлдір екеуі Тараз қаласына жеткізіп салды. Мағжан Асқарұлы бір тәулік бойы менің жанымда болып, жұмыстарымды бітіріп берді. Тараз қаласындағы №6 емханасының білікті бас дәрігері Рысқұлов Жандос Ордабайұлы, меңгерушісі Сейітқазымов Ергелді Қаражігітұлы маған күрделі ота жасады. Оған көмектескен дәрігерлер Молдашев Жантөре Маратұлы, А.Крылдақов, т.б.

Мен әуелі Аллаға, одан кейін осы ата аталған абзал жанды ақ халатты дәрігерлерге шын жүректен аналық алғысымды айтамын. Әрқашанда қиыншылық көрмей, ел құрметіне бөленіп, аман-сау жүре беріңіздер демекпін. Рақмет, алтын қолды абзал жандар!

 

М.БАЯЛБЕКОВА,

зейнеткер, аналар алқасының төрайымы.

Ақсу ауылы,

Шу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support