- Advertisement -

Облыстан шыққан 27 жерлесіміздің сүйегі табылды

71

- Advertisement -

«Марс» операциясы ұзақ уақыт бойы кеңестік тарих ғылымында құпия болып келді. Тек «нақты нәтиже бермеген» «Ржев-Сычев бағытындағы ұрыс қимылдары» жайында ғана айтылатын. Бірақ 9-неміс әскері қатты әлсіреді.

Екінші «Ржев-Сычев» операциясы 1942 жылдың 25 қараша – 20 желтоқсаны аралығында жүзеге асты. Орны: КСРО, Мәскеу және Калинин облысы. 1942 жылдың қаңтар-сәуір айларында Мәскеу үшін шайқас кезінде Ржев пен Сычевка аймағында ел астанасы бағытына қарай созылған майданның шығыңқы бөлігі пайда болды. Оның іргетасынан бастап Москваға дейін небәрі 150 шақырым қалды. Немістер оған «Центр» армия тобының барлық әскерлерінің үштен екісін шоғырландырды.

1942 жылдың 25 қарашасы мен 20 желтоқсаны аралығындағы қиян-кескі шайқастарда 326 атқыштар дивизиясы үлкен шығынға ұшырады 911 адам қаза тауып, 2494 адам жараланды. Қаза тапқандардың ішінде 325 адам– Қазақстаннан шақырылғандар, яғни дивизияның қаза тапқан әрбір үшінші жауынгері қазақстандық болды.

2007 жылы Ресейде дивизияның шайқас орындарында іздеу жұмыстарын жүргізетін 90-шы жеке арнайы іздеу батальоны құрылды. Мақсат – әскери қалдықтарды табу ғана емес, сонымен бірге оларды анықтауға және тірі туыстарын (қаза тапқандардың) іздеуге ықпал ету. 1941 жылдан бастап Қызыл Армияның әрбір әскери қызметкері өзімен бірге эбонит медальонын-жеке деректері жазылған бланкісі бар капсуланы алып жүруге міндетті болды. Іздеу кезінде инициалдарымен жеке заттар: шлем, кружка, қасық, фляжка, шаппалы бәкі, әскери наградалары табылады. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды іздеу жұмыстары соңғы сарбаз жерленгенге дейін жалғаса береді.

Бұл қаза тапқан жауынгерлердің жалпы тізімінен іріктелген Жамбыл облысынан шақырылған жерлестеріміз туралы ақпарат. Тізімдерді республиканың, облыстардың, аудандардың барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жіберетін боламыз. Бұл іске жастар, облыстық ардагерлер кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы, тарихшылар, қоғам қайраткерлері жұмылдырылған.

Тізімде 27 фамилия бар. Біздің міндетіміз – қаза тапқандардың туыстарын табу, отбасы тарихын толықтыру, қаза тапқандарды еске алу, сол заман мен осы заман арасындағы ұрпақтардың байланысын сақтау!

Біздің жерлестеріміздің ТІЗІМІ.

Екінші «Ржев-Сычев» операциясы 1942 жылдың 25 қараша – 20 желтоқсаны.

1 . ШЕВЧЕНКО ГРИГОРИЙ ЯКОВЛЕВИЧ, 1903 жылы туған, Жамбыл обл., Луговой ауданы, Луговой АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 30.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский аудан, д.Васелки. 81-деректер беті.

2.КОПЕЛЬ МИХАИЛ ГЕОРГИЕВИЧ 1904 жылы туған, Жамбыл обл., Луговой ауданы, Луговой АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 28.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл, Зубцовский аудан, д.Холм- Березуйский, 13-деректер беті.

1.1. АНДРЕЕВ АРТЕМ ГОРДЕЕВИЧ 1906 жылы туған, Жамбыл обл., Луговой ауданы, Меркі АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 26.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл. Зубцовский аудан, д.Васельки. 21-деректер беті.

  1. БАЛЬДИБАЕВ БИСТОН 1920 жылы туған, Жамбыл обл., Сарысу ауданы, Сарысу АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 29.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский аудан, д.Васельки. 18-деректер беті.

3.УЛЬКЕЕВ АЯПНЕК 1911 жылы туған, Жамбыл обл., Сарысу ауданы, Сарысу АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 30.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский аудан, д.Васельки. 18-деректер беті.

4 . ЛОНГБОРГ СОЛОМОН ГРИГОРЬЕВИЧ 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Қордай ауданы, Қордай АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 01.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл, Зубцовский аудан, д.Холм-Березуйский. 30-деректер беті.

  1. НАРЫМБЕТОВ АБЫЛДАШ 1923 жылы туған, Жамбыл обл., Талас ауданы, Сарысу АӘК, Қазақ КСР, сержант, 326 атқыштар дивизиясы, 03.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл. Зубцовский аудан, д.Гредякино. 118-деректер беті.
  2. КОВТУНОВ ИЛЬЯ СЕРГЕЕВИЧ, 1918 жылы туған, Жамбыл обл., Қордай ауданы, Қордай АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 11.12.42 жылы майданда қаза тапты. Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Васельки. 89-деректер беті.
  3. СЛЕПАК ИЗРАИЛ НАЙХОВИЧ, 1904 жылы туған, Жамбыл обл., Меркі ауданы, Меркі АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 25.11.42 жылы майданда қаза тапты. Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Васельки. 79- деректер беті.
  4. ДЖАПАРОВ АБИЛЬДАБЕК, 1899 жылы туылған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты. Тверь обл. Зубцовский ауданы, д.Холм-Березуйский. 66-деректер беті.
  5. ТУЛЕМЫШЕВ УНГАРША 1901 жылы туған, Жамбыл обл., Свердлов ауданы, Свердлов АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы , 15.12.42 жылы майданда қаза тапты. Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм-Березуйский. 66-деректер беті.
  6. НУРЫЛИЕВ АБУ 1899 жылы туылған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты. Тверь обл., Зубцовский аудан, д.Холм- Березуйский. 65-деректер беті.
  7. КОРЖУЕВ КАСЫМБЕК 1900 жылы туылған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл, Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 65-деректер беті.
  8. КУЙБАГАРОВ МАХУЛ 1902 жылы туған, Жамбыл обл., Свердлов ауданы, Свердлов РВК, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл, Зубцовский аудан, д.Холм-Березуйский. 65-деректер беті.
  9. ЮСУПОВ ИЯШ 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский аудан, д.Холм-Березуйский. 63-деректер беті.

59.СЕРИКБАЕВ АЖИБАЙ 1898 жылы туған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский аудан, д.Холм- Березуйский. 63-деректер беті.

60. И Л Я М Б Е К О В С А Н Д Ж А Н 1899 жылы туған, Жамбыл обл., Талас ауданы, Талас АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 63-деректер беті.

78. МАДЖАНОВ МАЛЕНКУЛ 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Шу ауданы, Шу АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 05.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 51-деректер беті.

151. БЕЛЕСАРОВ ЖАМИР, 1905 жылы туған, Жамбыл обл., Сарысу ауданы, Сарысу АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер 326 атқыштар дивизиясы, 27.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 4-деректер беті.

196. ОСПАНОВ РУСТАН 1910 жылы туған, Жамбыл обл., Шу ауданы, Шу АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 26.11.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм-Березуйский. 67-деректер беті.

199. КИНИСБАЕВ ОШАН 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 65-деректер беті.

(Перезахоронен г.Зубцов Московская Гора из Холм-Березуйский ОБД ВМЦ 69- 135 г. Зубцов Московская Гора стр.137).

200. КИРИМБАЕВ АМЕРХАН 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Жамбыл ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 65-деректер беті.

(Перезахоронен г.Зубцов Московская Гора из Холм-Березуйский ОБД ВМЦ 69- 135 г. Зубцов Московская Гора стр.102)

201. НАУРАЗБАЕВ УМНАБАЙ 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Свердлов ауданы, Свердлов РВК, Жамбыл., АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм-Березуйский. 65-деректер беті.

202. АМАНДЫКОВ БАНАХАТ 1900 жылы туған, Жамбыл обл., Свердлов ауданы, Свердлов РВК, Жамбыл., АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм-Березуйский. 65-деректер беті.

203. БЕДИБАЕВ ШАРАФУДИН 1910 жылы туған, Жамбыл обл., Свердлов ауданы, Жамбыл АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 13.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм-Березуйский. 65-деректер беті.

(Перезахоронен г.Зубцов Московская Гора из Холм-Березуйский ОБД ВМЦ 69- 135 г.Зубцов Московская Гора стр.27).

209. АЙПОЗОВ АЛЫМБАЙ 1899 жылы туған, Жамбыл обл., Талас ауданы, Талас АӘК, Қазақ КСР, қатардағы жауынгер, 326 атқыштар дивизиясы, 15.12.42 жылы майданда қаза тапты, Тверь обл., Зубцовский ауданы, д.Холм- Березуйский. 63-деректер беті.

230. БАЛДАКОВ НАСЫРХАН – 04.10.2022 ж. Туыстары табылды!

Жоғарыда көрсетілген азаматтарды танитындар болса 8-747-451-6948; WhatsApp -702-573-3495 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Раиса РЫСҚҰЛБЕКОВА,

«Халықаралық «Невада-Семей» Антиядролық Қозғалысы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл филиалының директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support