- Advertisement -

Ұлы даланың өнерлі ұландары

94

- Advertisement -

Бүгінде өнерімен өрге жүзіп, ауданның абыройын асқақтатқан оқушыларымыз жетерлік. Түрлі деңгейдегі байқауларда топ жарып жүрген Аса ауылы, М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебі оқушыларының жасындай жарқырауы білікті ұстаздар мен материалдық кешені кең мектептің мүмкіндігі екенін айтпасақ та түсінікті. Күні кеше мектеп директоры Сарбиназ Қосанова дарынды оқушылардың киелі Түркістан қаласында өткен «Ұлы дала ұрпағы» атты V республикалық байқауында бас жүлделер мен бірінші орындарды еншілеп қайтқанын мақтанышпен айтты.

– «Атадан мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен байқауға мектебіміздің тәрбиеленушілері ансамбль, қобыз, домбыра, жетіген, дәстүрлі ән номинациясы бойынша қатысып, керемет нәтижеге қол жеткізді, – дейді өнер мектебінің директоры. Аспаптық орындау аталымы бойынша жетіген аспабында Сабина Дәулетбай (жетекшісі Анель Туырлықбаева) бірінші орын, домбыра аспабында Бақдаулет Жанатбек, Ардаби Данашбек (жетекшісі Рабиға Қасымбекова), Бекен Ерасыл (жетекшісі Ерқанат Жақсыбек) бас жүлдені, Бақнұр Құдіретәлі (жетекшісі Гүлбану Алпамысова) бірінші орын, Аяна Дәулетбай (жетекшісі Нұрберген Қырғызбаев) бас жүлдені, Абзал Али (жетекшісі Дулат Байзильдаев) бірінші орынды қанжығасына байласа, қобыз аспабында Әсел Жақсылық (жетекшісі Сәуле Маманова) бас жүлдені жеңіп алды. Оқушыларымыз бұл жетістікпен тоқтап қалмады.

Түркістан жұртшылығын әуезді күйге бөледі. Ал қобызшылардан құралған «Елигай» ансамблінің мүшелері Назым Әлімқұл, Айша Әбдіәріп, Аружан Бескемпір, Әлия Бейсекеева қобыз аталымы бойынша бірінші орынға қол жеткізсе, Нұрәділ Әуесбектің шәкірттері Ерсайын Оспанәлі мен Асылжан Тойшыбек бірінші орыннан көрінді. Мектептің жеңісті жорығын Бекзат Әбдіғазы үшінші орынмен, Нұрлыбек Таласбаевтың шәкірті Азизхан Бердалы екінші орынмен жалғады. Осылайша, мектеп оқушылары өздерінің өнерлерін шыңдап қана қоймай, үлкен сахнада өзін-өзі ұстау дағдысын қалыптастырды. Бұл ұстаздар мен баласының өнерге деген қызығушылығына еркіндік берген ата-аналардың еңбегі.

 

 Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support