- Advertisement -

«ҚР ОСК ИТО» РМК құру туралы қаулы

113

- Advertisement -

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі N 726 қаулысы

Қазақстан Республикасының » Мемлекеттiк кәсiпорын туралы » 1995 жылғы 19 маусымдағы және » Мемлекеттiк сатып алу туралы » 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлiк-техникалық орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — Кәсiпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi электрондық сайлау жүйесi инфрақұрылымының объектiлерi торабын ұстау және дамыту саласында шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге енгiзсiн;

2) кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 003 «Инженерлiк-техникалық орталық құру» республикалық бюджеттiк бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде Кәсiпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын.

6. Облыстардың, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкiмдерi құрылған Кәсiпорынға және оның аумақтық филиалдарына жабдықтар мен инженерлiк-техникалық персоналды орналастыруға қажеттi санда жалдау негiзiнде қызметтiк алаңдар берсiн.

7. Күші жойылды — ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

 

«ҚР ОСК ИТО» РМК Жарғысы

Жалпы ережелер

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 шілдедегі № 726 қаулысына сәйкес құрылды.

Кәсiпорынның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады.

Кәсiпорын мүлкіне қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсінің құқығын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитеті (бұдан әрi — мемлекеттiк мүлiк жөніндегі уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) болып табылады.
Кәсіпорынның атауы:

мемлекеттік тілде:

толық — «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

қысқа — «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК;

орыс тілінде:

толық – Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Инженерно-технический центр Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан»;

қысқа – РГП «Инженерно-технический центр Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан».

Кәсіпорынның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік көшесі, 4.

БАЙЛАНЫС

«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК

Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 4

Сенім телефоны: 32-31-69

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support