- Advertisement -

Үш алтын, бір күміс, үш қола

83

- Advertisement -

Грузияның Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен жастар және ересектер арасында Еуропаның ашық чемпионаты өтті. Чемпионатқа 30 елден 150-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама команда сапында 6 спортшы ел намысын қорғаса, оның ішінде Жамбыл облысының дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 3 спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, Руслан Закривидорога жастар арасында 54 килограмда 1 алтын және үш тәсілдің қорытындысы бойынша күміс медальді иеленді. Ал Ерболат Кәрібай ересектер арасында бір қола медаль және жастар арасында 2 алтын медальді жеңіп алды. Ал әйелдер арасында 50 килограмда Айжан Берімқұлова қола медаль еншіледі. Облыс құрамасының бас бапкері Руслан Греев екенін айта кеткеніміз жөн.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support