- Advertisement -

Жамбылдықтар мәреге төртінші жетті

166

- Advertisement -

«Ұлы дала жорығы» республикалық бәйге марафоны мәресіне жетті. Марафон-бәйгені еліміздің Мәдениет және спорт министрлігі, «AMANAT» партиясы, «The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырды.

Марафоншылар Астанадан Түркістан қаласына дейінгі 1200 шақырымды артқа тастады. Мәре сызығын бірінші қиған Маңғыстау облысының шабандоздары жеңімпаз атанып, 24 миллион теңге сыйлыққа ие болды. Екінші орынды иеленген Жетісу облысына 12 миллион теңге, үшінші жүлдеге лайық болған Түркістан облысына 9 миллион теңге қаражат берілді. Солтүстік пен оңтүстік арасын дүбірге бөлеген ұлы бәсекеде жамбылдық құрам мәре сызығын төртінші болып кесті.

Нәтижесінде 6 миллион теңге көлеміндегі сыйлықты қанжығалады. Әулиеатадан жасақталған құрама сапында Олжас Желеубаев, Самат Абжанов, Бекдос Күмісбек, Олжас Байшонов, Олжас Саймасаев сынды шабандоздар өнер көрсеткен болатын.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support