- Advertisement -

«Біз – нашақорлыққа қарсымыз!»

33

- Advertisement -

«Біз – нашақорлыққа қарсымыз!» ұранымен Тараз қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақтың спорт алаңшасындағы кермеде (турник) және қос сырықтың (брусья) үстінде тартылу бойынша жастар арасында «STREETWORKOUT» облыстық фестивалі ұйымдастырылды.

Жалпы чемпиондық атаққа өңіріміздің әр аумағынан 100-ге жуық спортты жанына серік еткен жандар бақ сынады. Кермеде тартылудан Нұрсұлтан Рахмет жеңімпаз атанса, Нұрхан Досай күміс, Аман Қазанқапов қола жүлде алды. Қос сырықтың үстінде тартылу бойынша Мұқасан Досаев үздік деп танылды.

Самат Шәрібай күміс, Дарын Қалабаев қола жүлде иеленді. Қос сырықта қосымша салмақсыз тартылудан Бекзат Жұманалы жеңімпаз атанса, Асхат Орынбаев күміс, Әділет Әуесхан қола жүлде алды. Кермеде қосымша салмақсыз тартылу бойынша Нұрдәулет Сабықовқа қарсылас шақ келмеді. Қуаныш Сарданбекке екінші, Елшат Тәліпке үшінші орын бұйырды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support