- Advertisement -

Қарттарға құрмет толастамайды

93

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов 1 қазан – халықаралық Қарттар күніне орай Тараз қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Серікжан Абраимовтің шаңырағына барып, ақсақалды мерекесімен құттықтады.

Аймақ басшысы алдыңғы буын ардагерлердің елімізді, облысты дамыту жолындағы елеулі еңбектерін атап өтіп, бүгінгі жас ұрпаққа олардың өмір жолы өнегеге толы екенін жеткізді.

– Өздеріңіздей көпті көрген ардақты ардагерлердің, қазыналы қариялардың еткен ерен еңбектері ел жадында. Бүгінгі жарқын жетістіктеріміз сіздердің тыным таппай, аянбай атқарған жұмыстарыңыздың жемісі. Ел болашағы үшін атқарған бар игі істеріңізге алғыс айтамыз, – деген Нұржан Нұржігітов қарияның деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Өз кезегінде ардагер де құрмет көрсеткен облыс басшылығына ризашылығын жеткізіп, елдің бүтіндігін, болашақтың жарқын болуын ақ батасына қосты.

Айта кетейік, Серікжан Абраимов 1943 жылы Жамбыл облысында туған. Ол түрлі жылдары облыстық, қалалық және аудандық атқару комитеттерінде, сонымен қатар Халық депутаттары аудандық Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. Кейіннен әлеуметтік салада еңбек етіп, зейнетке шыққан. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Бүгінде ұл-қызынан немере сүйіп отыр.

Бұл күні облыстық мәслихаттың хатшысы, облыс әкімінің орынбасарлары да бірқатар ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support