- Advertisement -

“Aq jol” газетінің ұжымы жол апатынан қайтыс болған дәрігерлердің отбасы мен туыстарына көңіл айтады.

256

- Advertisement -

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарышаған ауылының жанында орын алған.
Жол-көлік апатынан Балқаш қаласындағы “Жезған медициналық орталығы” ЖШС емханасының 2 дәрігері қаза болып, 8 медицина қызметкер зардап шекті. Дәрігерлер Балқаш қаласындағы “Қазақмыс” компаниясының жұмысшыларын профилактикалық қарап-тексеруден қайтып келе жатқан. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысып, жол апатына ұшыраған.
Ұжымның атынан қапияда көз жұмған Кенжеханова Виктория Ислямқызы мен Қыстаубаева Бақыт Рашитқызының жақындары мен отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
— Отоларинголог Виктория Кенжеханова мен офтольмолог дәрігер Бақыт Қыстаубаева азаматтардың денсаулығын қорғауға ондаған жыл ғұмырын сарп еткен нағыз кәсіби мамандар еді. Аймақтық денсаулық сақтау саласы орны толмас ауыр қазаға душар болды,- деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support