- Advertisement -

Жамбылдық құрамалар жасындай жарқырады

227

- Advertisement -

Халқымыздың ұлттық ойындарының ішінде көкпардың алатын орны айрықша. Бейнелеп айтқанда, көкпар қазақтың жаны, рухы, намысы, тіпті болмысы. Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында орналасқан атшабарда Жамбыл облысы ұлттық ат спорты түрлері федерациясының кубогына арналған көкпардан ересектер арасында өткен республикалық турнирден біз осыны сезіндік.

Турнирдің ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков, облыстық көкпар федерациясының төрағасы Бақтияр Тоғайбаев, республикалық көкпар федерациясының кеңесшісі Нүркен Бөриев сөз сөйлеп, дүбірлі додаға сәттілік тіледі. Жарысты облыстық көкпар федерациясы ұйымдастырғанын айту ләзім.

Алтын жүлдені Әулиеата жастары мен Меркі ауданының құрамасы сарапқа салған болатын. Нәтижесінде Әулиеаталық құрам 10 :1 есебімен жеңіске жетті. Ал турнирдің қола жүлдесін «Бірлес» (Т.Рысқұлов ауданы) құрамасынан 6:1 есебімен басым түскен Жамбыл ауданының құрамасы иеленді.

Сондай-ақ «ҮЗДІК СӘЙГҮЛІК» – Саян атты тұлпар атанса (Әулие-Ата), «ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ» – Асыл Елдос (Жамбыл ауданы), «ҮЗДІК ОЙЫНШЫ» – Нұрлан Бейсембаев (Меркі ауданы), «ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫ» – атағына Амангелді Қадірбек («Бірлес» Т.Рысқұлов ауданы) ие болды.

Жалпы турнирде Бірлес, Өрнек, Әулиеата жастары, Тұран, Тілеміс, Жамбыл ауылы командалары және Сарысу, Байзақ, Меркі, Жамбыл аудандарының құрамалары өнер көрсетті. Бұл турнир облысымыздың көкпардан әлеуетінің жоғары екенін көрсетті. Қазақтың көкпар өнері мәңгі жасай беретінін аңғартты.

«Бұл жолы жарысқа Түркістан облысы мен Жамбыл облысының құрамалары көбірек қатысты. Турнир өте сәтті, әрі тартысты өтті», – дейді «Әулиеата» клубының директоры, әйгілі көкпаршы Нұрдәулет Момынов.

 

Есет ДОСАЛЫ

Жамбыл ауданы.

Суреттерді түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support