- Advertisement -

Өңірдің ең белсенді отбасылары анықталды

152

- Advertisement -

«Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша филиалы мен облыстық білім басқармасы бірлесе отырып «Салауатты ата-ана мәдениеті» отбасылық марафонын өткізген болатын.

Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастарды татулыққа, бірлікке шақыру, отбасы институты мен отбасылық қатынастарды нығайту, ұлттық тәрбие дәстүрлерін дәріптеу арқылы қазақстандық өнегелі отбасыларды насихаттау мақсатында өткен байқау 11 шілдеде басталып, 28 тамызда мәресіне жетті.

 

 

Марафон аясында бірлестікке 1050 адам мүше болып тіркелген. Байқау басталғанда оған қатысуға 486 отбасы өтінім білдірген. Осы отбасылардың ішінен 194 отбасы алғашқы тапсырманы орындап, өз отбасылары туралы шағын бейнебаянды инстаграм әлеуметтік желісінде жариялаған. Ал 7 апталық даму марафонында берілген тапсырмаларды толық орындап, соңына дейін 119 отбасы қатысып шыққан.

Орындалған тапсырмаларды бағалау бойынша 8 адамнан тұратын арнайы комиссия мүшелері құрылған. Комиссия мүшелерінің қарауы 2 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде комиссия мүшелері 2 адамнан 4 топқа бөлініп тапсырмаларды толық орындап шыққан 119 отбасының бейнебаяндарын бағаласа, 1 кезеңнен 119 отбасының ішінен 30 отбасы іріктеліп алынып, 2 кезеңге өткен.

Сонымен бас жүлде Жамбыл ауданынан қатысқан Әжібаевтар отбасына бұйырды. Ал I-орын Сарысу ауданынан Махамбетовтер отбасына, II-орын жуалылық Ысқақ және тараздық Құрманәлілер отбасына бұйырды. III-орын тұғырынан Тараз қаласынан қатысқан Шархан және Бестерекбай отбасылары көрінді.

Сондай-ақ «Мерейлі отбасы», «Өнерлі отбасы», «Зерделі отбасы», «Іскер отбасы», «Ынтымақты отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Берекелі отбасы» аталымдары бойынша Баймахамбетовтер, Ақтан, Көпбосын, Естаевтар, Сатыбалдиевтер, Жапаровтар, Нажмудиновтер отбасы марапатталды.

Марафонға белсене қатысқан отбасылардың барлығына Алғыс хаттар берілсе, жүлдегерлері мен жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 «Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support