- Advertisement -

Жүз тонналық таразы орнатты

41

- Advertisement -

Ауданда егін шаруашылығымен негізінен Түркістан ауылдық округінің шаруалары айналысады. Жер жыртып, егін салу атадан балаға мирас болып келе жатқан ата кәсіп болған соң, көсегенің көк Жонын мекен еткен шаруалар жауын-шашынды көктен тілейді. Жаратқан иеміз мейірімін төксе, таулы өңір табан астында ақ жауыннан ағыл-тегіл болып шыға келеді. Ылғал мол түскен жылдары егін ырғын болып, астық қамбаға толады. Сол мол астықты тартатын таразының жоқтығы ғана түркістандық шаруаларға қолайсыздық туғызып келді.

Енді, міне, оның да реті келіп, Өркен Қылышбеков басқаратын «Көкжон» шаруа қожалығы Әшір Бүркітбаев ауылынан астық пен тұқымын қабылдап, өлшеп, тазалап беретін 100 тонналық таразы орнатты. Инвестициялық жобаның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, заманауи үлгідегі аса үлкен таразының орнатылуы бүтіндей аудан үшін қуанышты жаңалық екенін жеткізіп, түркістандық шаруалардың еңбегін атап өтті.

Бұрын шаруалар зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін облыс орталығына барып, қаншама уақытын өткізіп, жұмыстан қол үзіп қалса, енді оны ауылдағы алып таразы атқарады.

Аталған шарадан кейін ағайынды Өркен мен Бекжан Қылышбековтер егін науқанының аяқталуына орай округке қарасты Әшір Бүркітбаев, Арыстанды, Үшбас және Қаратас ауылының тұрғындарына құдайы тамақ беріп, өмірден өткен түркістандықтардың рухына Құран бағыштады.

 

Амангелді Әбіл
Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support