- Advertisement -

Той дүбірі Нұр-Сұлтанға жетті

231

- Advertisement -

Облыстық «Aq jol» газетінің жарық көргеніне биыл 100 жыл толып отыр. 1922 жылы «Кедей еркі» деген атпен жарық көрген тарихи газет әр жылдары түрлі атаулармен шығып тұрды. Ал 1990 жылдан бастап «Aq jol» атымен аталады. Бір ғасыр бедерінде ата басылымда қазақтың көптеген қайраткер азаматтары жұмыс істеді.

Әулиеата өңірінің бас басылымы «Aq jol» газетінің жүз жылдығына орай Жамбыл облысынан бастау алған мәдени- рухани іс-шаралар легі Нұр-Сұлтан қаласында жалғасуда. 7 қыркүйек күні елордада Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында елге белгілі азаматтардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтеді. Оған Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Шәмшидин Паттеев және өзге де танымал тұлғалар қатысады.

 

«Aq jol»-Aqparat».

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support