- Advertisement -

Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай өтетін республикалық журналистер конкурсы туралы:

165

- Advertisement -

Жамбыл облысының әкімдігі ішкі саясатбасқармасының қолдауымен және «AulieataMedia» ЖШС ұйымдастыруымен облыстық «Aqjol» газетінің 100 жылдығына орай журналистерарасында «Қазақ баспасөзінің тарихы: бүгіні мен ертеңі» тақырыбында конкурс жариялайды! Аталған конкурсқа Қазақстан Республикасындатұратын 18-40 жас аралығындағы журналистерқатыса алады. Бәйгенің шарттары туралы төмендегіЕрежеден толық білуге болады.

Жамбыл облыстық  «Aq jol»  газетінің 100 жылдығына орай өтетін республикалықжурналистер конкурсына қатысу

ЕРЕЖЕСІ

1. «Қазақ баспасөзінің тарихы: бүгіні мен ертеңі» конкурсының негізгі мақсатыелімізде тұратынжурналистерге қолдау көрсету, олардыңшығармашылығын кең көлемде насихаттау әрі «Aqjol» газетінің тарихын таныту.

2. Конкурсқа 18 бен 40 жас аралығындағыжурналистер қатыса алады.

3. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап қабылданады.

4. Конкурсқа келіп түскен жұмыстарды Жамбыл облысы әкімдігінің жанынан құрылған арнайыкомиссия (бұдан әріконкурстық комиссия) бағалайды.

Конкурсқа қатысу шарты

1. Конкурсқа қатысушы әрбір үміткердің жұмысыЖамбыл облыстық «Aq jol» газетінде жариялануытиіс. Хабарландыруда көрсетілген тақырыпқасәйкес келетін тақырып аясында жазылған және«Aq jol» газетіне 100 жыл» деген айдар қойылғанматериалдар ғана қабылданады. «Aq jol» газетінің100 жылдығына орай өтетін конкурсқақатысушылар қазақ баспасөзінің тарихы, бүгіні мен ертеңі, оның ішінде биыл жарық көргеніне бірғасыр толып отырған «Aq jol» газетінің тарихытуралы да бір материал жазуы керек.

2. Конкурсқа арналған материалдар Times NewRoman 14 шрифтімен 1,5 интервал аралығындакомпьютерде терілген болуы тиіс. Ұсынылғанматериалдың көлемі 5 беттен аспауы керек.

3. Конкурсқа жіберілген материалдар бұрын басқабасылымдарда жарияланбаған болуы керек. Бұлорайда барлық жауапкершілік материалдыжіберуші авторға жүктеледі.

4. Конкурсқа арналған материалдарakjolgazet@gmail.com электронды поштасына «Aqjol» газетіне 100 жыл» деген айдар қойылыпжіберілуі керек.

Конкурс қорытындысы

1. Материалдар конкурс жарияланған күнненбастап, 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейінқабылданады. Конкурстық комиссия келіп түскенжұмыстарды саралап, бір апта ішінде конкурс қорытындысын шығаруға міндетті.

2. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, конкурстан үздік шыққан бес журналист Жамбыл облысы әкімінің «Aq jol» газетіне 100 жыл» белгісіқойылған Сыдық Абланов, Ғайса Сармурзин, Жайық Бектұров, Кемел Тоқаев, АрғынбайБекбосын атындағы арнайы қаржылайстипендиясына ие болады.

3. Конкурстан үздік шыққан бес журналист 2022 жылғы 29 қыркүйек күні «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай Тараз қаласында өтетінсалтанатты жиын кезінде марапатталады.

Ұйымдастыру комитеті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support