- Advertisement -

Жаңа су жүйесі салынуда

55

- Advertisement -

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сумен қамтамасыз ету керектігін, таза су әрбір үйде, әрбір отбасында болуын тапсырған болатын. Сол тапсырмалардың орындалу қарқыны қазір жаман емес. Ал мамыр айында өткен Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов өңірлердің әкімдіктері сумен жабдықтаудың кешенді жоспарларын тез арада қайта нақтылап, апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл түрде жөнделуін қамтамасыз етуі қажеттігін баса айтқан.

Онда Үкімет басшысы: «Ауыз су мәселесі тұрғындар үшін өте өзекті. Сондықтан әрбір шешім уақтылы қабылданып, нәтижелі болуы керек», – деген еді.

Былтырдан бері Қордай ауданының бірқатар округтерінде ауыз сумен қамту жұмыстары қолға алынған болатын. Солардың қатарында Степное ауылы да бар. Қажетті қаржы бөлініп, ашық конкурс нәтижесінде «Мелиаратор» ЖШС жеңімпаз болып анықталып, қазір жұмысты бастап кеткен. Қазіргі таңда көшелерді қазып, құбырларды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Әбден ескірген ескі су жүйесі толығымен жаңаға ауыстырылатын болады.

Бүгінгі күнге 2 шақырымға жуық траншея қазылып, 40 құдық орнатылған. Техника саны да жұмысты уақтылы атқаруға мүмкіндік береді.

Осындай жұмыстар Сарыбұлақ ауылында және аталмыш округке қарасты Қайнар ауылында да басталған. Аталмыш жұмыстар жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support