- Advertisement -

Қоғамға қауіп төндіретін құбылыс

30

- Advertisement -

Әлем бойынша әлеуметтік құбылыс ретінде етек жайған жемқорлықтың елдің, әлеуметтік-нарықтық экономиканың дамуына елеулі қауіп төндіретіні сөзсіз. Қоғамды құрайтын – адам. Демек, сол қоғамға қауіп туғызатын да – адам жасап отырған сыбайластық-жемқорлық әрекеттер.

Биылғы жылдың 1 ақпанында өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керектігін атап өтіп, өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының» жобасын бекітті. Жобаның түпкі мақсаты сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыруды көздейді. Одан бөлек, Мемлекет басшысы өз сөзінде жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша, сондай-ақ құзырлы органдардағы бірінші басшылардың жұмысы жемқорлықпен күрес көрсеткіші арқылы да бағаланатынын ерекше атап өтті.
Жалпы штаттық саны 132 қызметшіні құрайтын Жамбыл облысының Қазынашылық департаменті Президент тапсырмасын жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында 2021 жылғы 30 желтоқсанда №108 бұйрықпен бекітілген «2021-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары» бойынша жұмыс атқаруда. Жоспардың жүйелі әрі уақтылы орындалуына департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары тікелей жауапты.
Жоспарлы іс-шаралардың нәтижесінде есеп беретін болсақ, биылғы жыл басынан бері 5 айды қамтыған мерзім ішінде департаментте басшылар мен қызметкерлердің өз лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері анықталмаған.
Департамент пен оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің барлығы былтырдан бері жалпыға бірдей міндеттелген салық декларациясын тапсыруды жіті қолға алған. Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік және өзге де құқықбұзушылықтар жасаған жағдайда әрекеттеріне жан-жақты және объективті баға беріп, жауапкершілік қарастыру үшін департаментте құрылған Тәртіптік комиссияның өзі – қазынашылық жүйенің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделей отырып, қоғамдық сыбайластық деңгейін төмендетуге және мейлінше жоюға атсалысып жатқан басты тетіктердің бірі.
Қазіргі уақытта департамент пен оған қарасты аудандық қазынашылық басқармаларда «Қазынашылық-клиент» жүйесі ортақтандырылып енгізілген. Жүйе жұмыс сапасы 99,1% қалыпты құрайды және бұл жүйе клиенттер мен қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелділігінің жай-күйін анықтап отырады. Жүйенің белсенді жұмысының нәтижесі клиенттер мен департамент қызметкерлері арасында тікелей байланыстың жоқтығын көрсетіп отыр.
2022 жылдың 4-29 наурызы аралығында департамент және аудандық басқарма қызметкерлері арасында ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша семинарлар, тұрақты негізде қателіктерді көп жіберетін мемлекеттік мекемелер арасында қайтарылатын құжаттардың санын азайту мақсатындағы, сондай-ақ жұмыста қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерге түсіндірме жүргізу бойынша техникалық оқытулар, сыбайлас жемқорлық туралы тақырыптарда мерзімді басылымдарда жоспарлы түрде жарияланып тұратын мақалалар – бәрі де мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыруға үлкен септік тигізуде.
Қазынашылық органдардың қызметкерлеріне теріс материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша жүргізіліп тұратын мониторинг нәтижесінде департамент қызметшілері туралы БАҚ беттерінде теріс материалдар жарияланбаған және оларға қатысты әрқашан ведомстволық бақылау мен талдау жүргізіліп тұрады. Интеграцияланған қазынашылық ақпараттық жүйеде ақпарат және басқа да қауіпсіздік шаралары сақталады. Персоналмен жұмыс істеу бөлімінде сенім телефоны (34-79-40) мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауға арналған жәшік орнатылған.
Қоғам қабілеттілігі, оның ішінде, біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында артады. Ол үшін біржақты ғана емес, біртұтас болып жұмыс жасап, жемқорлық үшін күресуді қолға алуымыз қажет. Себебі сыбайлас жемқорлықпен күресу – қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігерін қажет етеді.

Нұрдос Тойбаев,
Жамбыл облысы бойынша
қазынашылық департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support