- Advertisement -

Еңбек еткеннің еңсесі биік

50

- Advertisement -

Жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген ортамызда қыз-келіншектер аз емес. Соның бірі – Перизат Қозбекова. Ол он екі жылдан бері халыққа полиграфиялық қызмет көрсетумен айналысып келеді. Баспа қызметінің қамтитын жұмысы көп, атап айтсақ, әр пішінде түрлі түсті парақтар басып шығару, блокноттар, визиткалар, әртүрлі жарнамалар мен басқа да қызметтер көрсетіледі.

– Бүгінгі таңда халықтың баспа өнімдеріне деген сұранысы артып келеді. Оның сапасына қойылатын талап та жоғарылаған. Қазір қай саланы алып қарасақ та, олардың жұмысы баспамен жандана түсуде. Біздің міндет, түскен сұранысқа қарай оны жедел әрі сапалы дайындап беруге күш салу, – дейді ол.
Кәсіпкер кәсібін кеңейтуді көптен бері ойластырып жүрген. Сөйтіп, өз арманына жету үшін өңірдегі «Даму» қорының филиалына қайырылған екен.
– Мақсатым – жұмыс қуатын арттыру үшін заман талабына сай құрал-жабдық алу. Оны тікелей шетелден сатып әкеле қояр қаржы болмағандықтан, несие алуға бекіндім. Жоспарымды жүзеге асырып, тапсырыс берушілерімді сақтап қалуым керек қой. Осы істе маған «Даму» қорының облыстық филиалы көп көмек, қолдау көрсетті», – дейді Перизат.
Перизаттың екінші деңгейлі банктерге берген өтініші «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде іске асырылыпты.
– Мен «Даму» қорының кепілдігімен және пайыздық мөлшерлемені субсидиялаумен ойға алған жоспарымды жүзеге асырдым. Тұрақты клиенттерімді сақтай отырып, жұмыс көзін жандандырдым. Сұраныс бергендер біздің жұмысымызға дән риза, – дейді кәсіпкер.

Гүлнұр ДІЛДАБЕКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support