- Advertisement -

Үй іргесіндегі жер телімінен де табыс табуға болады

55

- Advertisement -

Облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобасы аясында Жамбыл ауданында көп жұмыс атқарылуда. Аудан әкімінің орынбасары Жомарт Телеуовтің айтуынша, ауыл тұрғындары төмен пайызбен несие рәсімдеп, мал және егіс шаруашылығын дамытуда.

Айталық, жобаға қатысқан Бесағаш ауылдық округіне 1 миллиард 35 миллион теңге бөлінген. 2,5 пайыз жеңілдікпен берілген несиеге 279 азамат ие болған. Округте құрылған «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативі жалпы құны 139 миллион теңгеге ондаған ауыл шаруашылығы техникасын лизинг жүйесімен алған. Ол 5 пайыздық жеңілдікпен берілген.
Жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жер телімін игеру. Оған 1117 аула қатысып, жалпы 155 гектар жер телімі игерілу үстінде. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында 276 азамат 797 миллион теңге алып, оған 4760 мал сатып алған.
Жерді тиімді пайдалану – еңбек өнімділігінің басты шарты. Кооператив өзінің 110 мүшесін сапалы тұқыммен және мал азығымен қамтамасыз ету жоспарын құрып жұмыс істеуде. Ол үшін ауыл сыртындағы 1335 гектар егіс алқабын игеру жоспарланған. Оған қажетті тұқым, тыңайтқыш, химиялық қорғау заттарын сатып алуға 38 миллион теңге айналым қаражаттан берілген. Бүгінгі таңда ол алқаптарға, атап айтсақ, бидай – 180, арпа – 229, жүгері – 100, көпжылдық шөп – 646, рапс дақылы 30 гектар алқапқа орналастырылған.
Жобаның бесінші бағыты, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Өз кәсібін ашқан жандардың бірі З.Парпиева мен К.Мухтавар. Олар кондитерлік цех ашуға 1,8 миллион теңге несие рәсімдеп, цехты іске қосты. Онда бүгінге дейін 3,4 тонна кондитерлік өнім өндірілген.
Өткен жыл соңында жобаға Өрнек ауылдық округі қосылды. Төмен пайызбен Д.Масатбаев, А.Альшеров несие алды. Ал С.Маратов есік алдынан жылыжай салу үшін құжаттарын «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мекемесіне өткізіп қойған.
Мал алуға ауыл тұрғындары 67 өтініш берген. Олар 243 миллион теңге несие рәсімдеп, бұл қаржыға мал сатып алуда. Тұрғындардың аула сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану мақсатында арпа – 560, бидай – 100, жүгері – 40, жоңышқа – 120 гектар алқапқа орналастырылған. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-нан «Өрнек-Даму» ауыл шаруашылығы кооперативі 10 миллион теңге несие алып, 150 гектар алқапқа арпа, 50 гектарға жоңышқа сепкен. Енді кооператив 21 миллион теңгеге 1 трактор, 2 тіркеме алуға тапсырыс беріп қойған. Сондай-ақ өз кәсібін ашуға ниетті екі кәсіпкер 37 миллион теңге қаражатқа сұраныс берген.

Нұрболат АМАНБЕК,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің 3-курс студенті.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support