- Advertisement -

Көпбалалы ана грант алып, қой бордақылауда

61

- Advertisement -

«Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа ие болғандардың бірі Көлбастау ауылының тұрғыны Дәмеш Жолдасбаева.

– Өзім көпбалалы анамын. Үйде бала күтімінде отырмын. Жұбайымның арнаулы мамандығы жоқ болғандықтан түрлі жұмысқа жалданып жұмыс істейді. Ауылда тұрған соң мал ұстамасаң болмайды екен. Содан жұбайым екеуміз ойласа келе, қой ұстауға бекіндік, – дейді ол.
Дәмеш 2020 жылы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттарын өткізіпті. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының талабына сай бір айлық қайта даярлау курсынан өтіп, сертификатын алған. Арада екі-үш ай өткен соң кәсіпкерлік палата тарапынан ұйымдастырылған конкурсқа қатысып, өз жобасын қой бордақылау аясында қорғайды. Сөйтіп, кәсіп ашуға бағытталған мемлекеттің 555 мың теңге қайтарымсыз грантына ие болған.
«Бұл қаражатқа 10 бас қой сатып алып, бордақылауға қойдық. Бастаған ісіміз жаман болған жоқ. Оны сатып, орнына бордақылауға және төлінен көбейту үшін аналық бірнеше бас қайта сатып алдық. Қазіргі таңда үйдегі қойдың басы артып, төлдеп, көбеюде. Жем-шөбіне деп арнайы бірнешеуін бордақылаймыз. Қалған бордақыны алмастырып, орнын толықтырып отырамыз. Басын жоғалтпауға тырысамыз. Осылай бірін-біріне жалғастырып, күнімізді көріп, ішім-жемімізді айырудамыз. Ендігі жерде реті келсе қолдағы қойға сауылатын ешкі алып қосуды ойластырудамыз, – дейді ол.
Дәмеш мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өзінің тігіншілікке де бейімі бар екен. Енді тігін машинасын алып, тапсырыспен киім тігіп сатуды да ойластыруда.

Әсем ЖОЛЫМБЕТ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің 3-курс студенті.

Жуалы ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support