- Advertisement -

Игі істің іргетасы – инвестиция

19

- Advertisement -

Қандай да бір іргелі жобаны, батыл бастаманы жүзеге асыруда негізгі қозғаушы күш қаражат екені белгілі. Орынды бастау алып, орта жолда тұрып қалған жобаларды аяқсыз қалдырмау мәселесі де айналып келгенде қаражатқа тірелетіні сондықтан. Бұл ретте өңір экономикасын өркендету үшін инвесторлардың мүмкіндігін тиімді пайдаланудың маңызы зор. Осы мақсатта «Бизнеске арналған үкімет» ғимаратының мәжіліс залында облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.

Басқосуға қатысқан облыс басшысы алдымен инвесторларға сөз тізгінін беріп, олардың талап-тілектерін тыңдады. Өз кезегінде кәсіпкерлер өңір экономикасын ілгерілетуге бағытталған іргелі жобаларын толыққанды таныстырып шығып, ойларын ортаға салды. Сонымен қатар шетелдік инвесторлар өздерінің жоба-ұсыныстары мен мәселелерін де жеткізді.
Ұсынылған инвестициялық жобалардың қатарында керамика-гранит зауытының құрылысы, су электр станциясын салу, құрамында алтын бар кенді бастапқы өңдеу жөніндегі өндірістік кешен, ескі шиналарды жинау, қайта өңдеу секілді және басқа да маңызды жобалар болды.
Олардың кейбірі инфрақұрылым, жер бөлу мәселелерін шешіп беруді сұрады. Ал елімізде 2003 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан қытайлық инвесторлар иесі болса да әлі игерілмей жатқан кен орындарын әжетке жарату бойынша ұтымды ұсыныстарын ортаға салды.

Аймақ басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жергілікті билік қашанда мүдделі екенін айрықша атап өтіп, инвесторлар тарапынан айтылған ұсыныстарды жан-жақты қарастыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырлармалар жүктеді.
Сондай-ақ басқосуда облыс әкімі штабтың бұған дейін отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалу барысын сұрап, бірқатар жайттарды қайта пысықтады.
Жиын соңында Нұржан Молдиярұлы әр аптаның сейсенбісінде инвесторлармен тұрақты түрде штаб кеңесі өтіп тұратынын және онда шешілмей жатқан мәселелер қамтылатынын айрықша атап өтті.

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support