- Advertisement -

Жазасын өтеушілер флюрографиялық тексерістен өтті

64

- Advertisement -

Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан адамдардың денсаулығын сақтау маңызды мәселе. Бұл бағытта Таразда ЖД-158/5 мекемесінің ақ халаттылары атқарып жатқан істер аз емес. Мекемеде 1 фельдшер, бір мейірбике жұмыс жасайды.

Медицина қызметкерлері бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ-нің бұйрығына сәйкес, сотталған азаматтарды әрбір флюорографиялық тексеруден өткізеді. Мекемеге облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің жылжымалы флюкар автокөлігі мен дәрігерлері келіп, 140-тан астам сотталған азаматты флюорграфиялық тексерістен өткізді.

Айта кетейік, флюорографиялық тексеру барысында мекемеішілік туберкулез ауруы анықталмаған. Денсаулық сақтау саласының мамандары бірінші кезекте сотталғандардың денсаулығын қадағалап, уақытылы медициналық көмек көрсетіп, аурудың алдын алу маңызды екенін назарда ұстауда.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support