- Advertisement -

Оқу-жаттығу жиыны өтті

152

- Advertisement -

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде оқу-жаттығу жиыны өтті. Облыстық ҚАЖ және Полиция департаменті сондай-ақ 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері қатынасқан шынайы ұрыс жағдайында өткен жаттығудың басты мақсаты – қауіп-қатердің алдын алуға деген дайындықты пысықтау.

Аталған оқу-жаттығуға ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командирі генерал-майор Т.Амреев, облыс прокурор ының орынбасары әділет кеңесшісі А. Карим арнайы қатысып, жоғары бағалады. Айта кетейік, бұл күні құқық қорғау органдары болашақта жаңа технологияларды игеру арқылы оқу-жаттығуды одан әрі дамыту мақсат етіп отыр.

Жалпы, бұл күні арнайы жасақ құрылып, тактика бойынша әрекет жасалды. Дабыл қағылған сәттен соң, лезде сотталғандар шу шығарған аумақ қоршауға алынып, олардың емін-еркін жүруіне шектеу қойылды. Сонымен қатар, оқиға орнына жақын жерден орталық штаб құрылды. Бірнеше сағатқа созылған операция барысында қызметкерлерге жасанды жарылыс арқылы шабуыл жасалды.

Бұл оқу-жаттығу қауіп-қатердің алдын алуды міндеттесе, құқық қорғау органы қызметкерлеріне тәжірибелік сабақ болды. Жаттығу барысында мамандар қауіп төндірмеуге қызмет етіп, бірлесе қимылдау алгоритімін үйренді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support