- Advertisement -

Республикалық олимпиададан 38 медаль

54

- Advertisement -

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-11-сынып оқушылары арасында өткізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV кезеңі аяқталды. Оның қорытынды кезеңі 18-23 сәуір аралығында Тараз қаласындағы «U-Study» тестілеу орталығында «Oqylyq.kz» платформасы арқылы автоматтандырылған түрде ұйымдастырылды.

Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытта өткен республикалық олимпиадаға облысымыздан 112 оқушы қатысты. Олардың 18-і 9-сынып, 42-сі 10-сынып, 52-сі 11-сынып оқушылары.

Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозовтың айтуынша, бұл олимпиада біздің облыста «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасына сүйене отырып, прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіліпті. Олимпиаданың тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр кезеңнің басында бір уақытта ұсынылған және сол тапсырмаларға әрбір қатысушының қол жеткізуі үшін жеке код берілген. Олимпиада аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланып, қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберілген. Әрбір кезең аяқталғаннан кейін қатысушылар жұмыстарының сканерленген көшірмелері «Дарын» РҒПО интернет-ресурсында олардың жеке деректерінсіз орналастырылады. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және олимпиаданың нәтижелері көрсетілген хаттамалар да «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады екен.

Білім бәйгесінің қорытындысында ре спублика лық олимпиадаға қатысқан оқушылар облыс қоржынын 38 медальмен толықтырды. Атап айтсақ, оның 8-і алтын, 7-еуі күміс, 23-і қола медаль. Осылайша облыс оқушылары үздіктер қатарынан көрініп, республикада алдыңғы орындардан көріне білді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support