- Advertisement -

Жүзеге асқан жобалар – ғалымдардың жемісі

40

- Advertisement -

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бүгінгі таңда 932 штаттық бірліктен құралған профессорлық оқытушылық құрамы жұмыс істейді. Олардың ішінде 40 ғылым докторы, 286 ғылым кандидаты және 59 PhD докторы бар.

Университетте соңғы 6 жылда 15 ғылыми-зерттеу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылатын, университеттің тақырыптық жоспарына сәйкес 104 ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс атқарылды. Оның екеуі іргелі, 92-сі қолданбалы, 10-ы тәжірибе-құрылымдық зерттеулер. Алдыңғы жылы ғылыми-зерттеу жұмыстары 2 институтта, 5 факультетте, 60 кафедрада, 2 ҒЗИ, 1 ҒОӨО және 11 ғылыми орталықтарда жүзеге асырылды.

– 7, 2018 жылы – 15, 2019 жылы – 19, 2020 жылы – 15 ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асты. Ал өткен жылы ҒЗЖ жалпы қаржыландыру 127,601 миллион теңгені құрады.

Осылайша соң ғы 6 жылдағы қаржыландыру көлемі 313,615 миллион теңгеге жетіп отыр. Бұл жылдарда университеттің 34 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды. Университеттің патенттік базасы 1998 жылдан бастап 700-ден астам қорғау құжатын қамтиды. Сондай-ақ бұл жылдарда ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтынан 214 қорғау құжаты алынды.

2016-2021 жылдары аралығында университет ғалымдары 153 монография дайындап, басып шығарды. Бұдан бөлек, университет оқытушылары тарапынан 9248 ғылыми мақалалар мен баяндамалар жарияланды, оның ішінде рейтингтік журналдарда – 530 жұмыс жарық көрді. Соңғы 5 жылда Scopus (Elsevier) және Web Of Science (Clarivate Analytics) агенттігінің базасына кіретін журналдардағы жарияланымдар саны 219-ды құрады. Өткен жылы оның саны 67-ге жетті.

Университетте «Dulaty University Хабаршысы» және «Механика және технологиялар» атты екі ғылыми журнал шығарылады. «Механика және технологиялар» ғылыми журналы INSPEC DIRECT (Ұлыбритания) халықаралық деректер базасына енгізілген, сондай-ақ РФ «Ғылыми электрондық кітапхана» ЖШҚ және ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) базасына кіреді.

Соңғы алты жылда университетте 45 ғылыми іс-шара өткізілді. Сондай-ақ университетте «ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыру» офисі жұмыс істейді.

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасының «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-не аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми жобалар ұсынылды. Атап айтсақ, 2017 жылы – 26 жоба, 2018 жылы – 32 жоба, 2019-2020 жылдары – 42 жоба, 2021 жылы 44 жоба.

Университетте «Университеттік технологиялық бизнес-инкубатор» Корпоративтік қоры (УТБИ), Қазақстан-Түрік бірлескен ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының филиалы, Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі академиясының Жамбыл бөлімшесі және «Ұлттық тау-кен ғылымдары академиясы» АҚ Жамбыл филиалының зерттеу құрылымдары бірлесе жұмыс істеуде.

Сейтжан ОРЫНБАЕВ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз
өңірлік университетінің Ғылым
және коммерцияландыру
департаментінің директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support