- Advertisement -

Саяси науқанның сәтті өтуі – баянды болашаққа бастайды

35

- Advertisement -

Маусым айында өтетін референдумның халық арасында кеңінен насихатталуы, оның сәтті өтуі, сайлау учаскелерінің дайындығы бүгінде басты мәселенің бірі болып тұр. Олай болуы заңды да. Өйткені, бұл науқаннан күтілетін нәтиже зор, ел келешегі үшін шешуші рөлі басым.

Өңірдегі жауапты мекемелер референдумға дайындық жұмыстарына қызу кірісті. Кеше облыстық сайлау комиссиясы ұйымдастыру мен өткізуге байланысты референдум комиссиясының отырысын өткізді. Отырысқа аудан әкімдерінің идеология жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов баяндама жасап, референдум өткізудің әр кезеңін егжей-тегжейті түсіндірді.

– Облыс бойынша 492 референдум учаскесі құрылған, оның 361 мектептерде орналасқан, сондықтан мектептерде жөндеу жұмыстары референдум өткізлетін айда уақтынша тоқта тұру керек.

ҚР «Республикалық референдум туралы» заңның 8-бабының 1-тармақшасына сәйкес, референдум әзірлеу мен өткізуге байланысты шығыстар тек қана республикалық бюджет есебінен жұмсалады.         Жалпы, заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік және жергілікті органдар референдум учаскелерін телефон, интернет байланыстарымен эл.энергияның қосымша көздерімен, сумен, компютерлік техникамен өрт қауіпсіздігінен, санитарлық нормаларды сақтау және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың референдумға қатысу құқықтарын қамтамасыз ету және олар дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде кедергісіз кіруіне, дауыс беруіне жағдайлар жасаулары тиіс.  Референдум өтетін мекен-жайларда  пандустар, тактильді жолақтар орнатылуы тиіс. Сол сияқты қала,аудан орталықтарында колл центрлардың жұмыстарын ұйымдастыру қажет, – деді комиссия төрағасы.

Отырыста Конституциялық түзетулер жобасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыру, насихаттау, сайлау науқанында санитарлық талаптарды қадағалау, азаматтарды толық қамту сынды мәселелер де кеңінен талқыланды.

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support