Қазір қалтаңызда пәтер мен көліктің кілтін ғана емес, ЭЦҚ кілтіңізді де алып жүруге болады. Ол үшін оны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз жеткілікті.
Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB-кабель арқылы компьютерге қосыңыз да «Менің компьютерім» бөліміне кіріп, ЭЦҚ-ны (AUTH, RSA-…p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз.
Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүй есінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
1. iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз;
2. Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
2. iTunes-ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ фай лдарға» өтіңіз;
3.Сол жақтағы тізімнен eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз;
4. «Қосу» батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ фай лдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.
Міне, енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдай ым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады.
Comments are closed.