- Advertisement -

ЕЛ АЙБЫНЫ – ҚАРУЛЫ КҮШТЕР!

14

- Advertisement -

Қадірменді Отан қорғаушылар!

Баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Кез келген елдің дамуының алға қарай өркендеуінің негізі – тыныштық, бейбіт тіршілік. Қауіпсіздігі, қорғанысы, ішкі тұрақтылығы берік, қоғамдық келісімі сақталған ел ғана – ертеңге нық қадам жасап, болашағын бағдарлап, тұрмысын түзей алады.

Биыл ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін ел әскері түрлі даму сатысынан өтіп, сан түрлі машықты меңгерді.

Еліміздің тыныштығын сақтауда аянбай тер төгіп жүрген ерлеріміздің ерлігі қашанда еселі. Отанды қорғау, туған жерді жан-тәнімен сүю, елге қызмет ету – әрбір ержігіттің азаматтық борышы.

Айбынды армиямыздың даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді жанқиярлықпен қорғап қалған батыр бабаларымыздың өшпес ерлігінен бастау алып, жалғасып келеді.

Отаным ыз бен әр отбасының тірегі болып жүрген азаматтарымызға сарқылмас ерік-жігер, мықты денсаулық, бақыт, береке тілейміз!

Тәуелсіз еліміз бейбітшілік бесігінде тербеле берсін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support