- Advertisement -

Головкин Биволды жеңісімен құттықтады

124

- Advertisement -

WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дмитрий Биволды жеңісімен құттықтады.

Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте ресейлік боксшы мексикалық Сауль Канело Альваресті төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша жеңді.

«@bivol_d жеңісіңмен құттықтаймын! Бәрі айқын болды. Осы қалпыңнан тайма!», — деп жазды Головкин.

Мексикалық Сауль Канело Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол жекпе-жегіндегі төрешілер жазбасы жарияланды.

Бивол барлық үш карточкада төрешілер шешімі бойынша 115-113 есебімен басым түскен. Бұл ретте Альварес алғашқы төрт раундта жақсы нәтиже көрсеткен.

Соңғы, 12-раунд алдында Бивол бір ғана ұпаймен алға шықты — 105-104. Ал 12-раундта 10-9 есебімен жеңіске жетті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support