- Advertisement -

Су тапшылығы таяп қалды – зерттеушілер

75

- Advertisement -

Зерттеушілер климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығына қажет судың жаһандық тапшылығы егістік алқаптардың 84%-ында сезілетінін анықтады.

Сонымен қатар сумен қамтамасыз ете алмау құнарлықтың 60%-ға нашарлауына әкеледі. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 16%-ына жауын-шашынның режимі өзгеруі әсер етеді.

Зерттеу жаһандық ауыл шаруашылығына арналған судың қазіргі және болашақтағы қажеттіліктерін қарастырады және жаңбыр немесе суару нәтижесінде қол жетімді су деңгейі өзгермелі климат жағдайында осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатынын болжайды. Ғалымдардың тұжырымдары Earth’s Future журналында жарияланды.

Климаттың өзгеруі жағдайында ауыл шаруашылығына арналған судың жаһандық тапшылығы егістік алқаптардың 84 пайызында сезілетіні айтылады. Кейінгі жүз жылда дүниежүзінде суға деген сұраныс жер шарындағы халық санына қарағанда екі есе жылдам өсті. Су ресурстарының, әсіресе тұщы ауыз судың тапшылығы қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің бірі ретінде бұрыннан мойындалған.

Су тапшылығы ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық континенттерде айтарлықтай проблемаға айналды. Ал бұл дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Ғалымдар ауыл шаруашылығының негізгі екі көзіндегі су тапшылығын өлшейтін және болжайтын жаңа индекс әзірледі: жасыл су деп аталатын жаңбыр суынан келетін топырақ суы және көк су деп аталатын өзен, көл және жер асты суларының суару суы. Жаңа индекс елдерге ауыл шаруашылығындағы су тапшылығының қаупі мен себептерін бағалауға және болашақ құрғақшылықтың әсерін азайту стратегияларын әзірлеуге көмектесуі мүмкін, дейді зерттеушілер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support