- Advertisement -

Соғыс ардагерін құттықтады

197

- Advertisement -

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы. Мерейтой құрметіне орай
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі Бақытжан Шарипбеков бастаған бірқатар офицерлер Ұлы Отан соғысының ардагері Касен Шамбаевтың шаңырағына арнайы барды. Жыл жүздесуде Бақытжан Зикенұлы ардагерді Жеңістің 77 жылдығымен арнайы құттықтап, ілтипат көрсетті.

— Сіздер Жеңісті жақындату жолында жанқиярлық ерлік көрсеттіңіздер. Сіздің замандастарыңыздың осынау ерлігі бүгінгі ұрпаққа ұлағат. Бейбіт заманда ғұмыр кешуімізге себепкер болғандарыңыз үшін құрметіміз бөлек, ризашылығымыз шексіз, — деді Б.Шарипбеков.

Майдангермен жүздесуде сұрапыл соғыста ерлік танытқан даңқты майдангердің ерлігін үлгі етіп, келешек ұрпақ бейбіт күнді ұлықтайтыны жөнінде де кеңінен айтылды. Құрметке бөленген ардагер ақ батасын беріп, алғысын білдірді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support