- Advertisement -

Ауылдарда ауыз су сағаттап емес, тәулік бойы берілуі тиіс

67

- Advertisement -

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбековтің атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есебін тыңдады.

Жиынға бейне-байланыс режимінде аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауданда 2022-2025 жылға дейін 3 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады, 13 елді мекенде газ құбырларын тарту, газбен қамту жұмыстары жүргізіледі.

– Күніне бірнеше сағат қана таза ауыз су берілетін ауылдар бар. Бұлай болмауы керек. Ауыл әкімдері тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы тиіс. Ешқандай сылтау қабылданбайды, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасына газдандыру жұмыстарын қатаң бақылауда ұстауды, коммуналдық қызметтердің жұмысын зерделеуді тапсырды.
Сондай-ақ 2025 жылға дейін 3 елді мекенде дене шынықтыру-сауықтыру кешенің салу, 14 мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Ағымдағы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Биназар ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, Бірлік ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Орталық аудандық ауруханаға жаңа компьютерлік томография орнатылатын болады.

Бұдан бөлек, Мойынқұм ауылында 2 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысының жобасы әзірленген. «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша биыл 2 үй салу, 4 үйге күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Нұржан Нұржігітов құрылыс нысандарын жүзеге асыру үшін бірыңғай баға саясатын әзірлеуді тапсырды.

2022-2025 жылдар аралығында облыстың Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілген барлығы 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 755 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Олар: «Turan Industry» ЖШС (табиғи тастан жасалған плиталар өндірісі), «SATELLITE GS» ЖШС (құрамында алтыны бар кенді қайта өңдеу), «Бастан-Эк» ЖШС (қорғасын-мырыш кендерін қайта өңдеу).
Ағымдағы жылы жылыжай салу үшін 20 кәсіпкер қайтарымсыз грант алады.

Облыс әкімі гранттар санын көбейтуді, қарапайым тұрғындар арасында мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін жан-жақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауданда 716 шаруа қожалығы жұмыс істейді, оларда 1074 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 2022 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 1270,5 миллион теңгені құрады. Мойынқұмдықтар бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 10,9 миллиард теңгеге жеткізуді көздеп отыр.

Аймақ басшысы бірқатар мәселелер бойынша бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінен жауаптар алып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support