- Advertisement -

Ұсталғандардың 57-не қылмыстық іс қозғалды

27

- Advertisement -

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Қазіргі таңда өңірімізде жағдай тұрақты. 4-6 қаңтар күні орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 2723 күдікті полицияға жеткізілді.
Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілген жедел операциялардың нәтижесінде ұсталғандардың 573-і әкімшілік жауапкершілікке тартылса (о.і. 186 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынған. Тағы 52-не айыппұл салынып, 335-іне ескерту берілген), 57-не қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталғандардан тәркіленген және заңсыз айналымнан алынған қару-жарақтардың саны 206-ға жетті. (Қаруларын ерікті түрде тапсырып жатқандар да бар).
Оның ішінде 62 «Калашников» автоматы, 13 снайперлі-винтовка, 12 «Сайга» карабин, 24 тапанша, 3 арнайы пулеметтік тапанша, 3 гранатомет РПГ, 48 тегіс ұңғылы мылтық және тағы басқалар бар.
Жаппай тәртіпсіздік салдарынан 273 адам медициналық мекемеге жүгінген, қазіргі таңда олардың 8-і ауруханада жатыр.
15 адам қайтыс болды (2-еуі ПД және ҰҚКД қызметкері, қалғаны бүлікке қатысушылар).
Бүлікшілерді анықтау, құрықтау бойынша құқық қорғау органдарының (прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік, полиция қызметкерлері) қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу топтары тарапынан арнайы жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі таңда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 2040 құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылған.
Облыс әкімі жауапты тұлғаларға заңсыз айналымнан қаруларды тәркілеу жұмыстарын белсенді жүргізуді, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын және оның ішінде жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support