- Advertisement -

Үздік спортшыларға пәтер кілті табысталды

125

- Advertisement -

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов пен жүзуден паралимпиаданың қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға Тараз қаласындағы 15-шағын ауданнан 1 бөлмелі пәтер кілттерін табыстады. Өңір басшысы мемлекет тарапынан дене шынықтыру мен спортты белсенді түрде дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқандығын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әр уақытта спортты қолдаймыз. Спорт қолдау тапса, саңлақтарымыз да шыңдалып, ел абыройын көтереді. Бүгінде жамбылдықтар өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Әулиеата өңірінен осы күнге дейін атағы алысқа тараған чемпиондар мен рекордтарды жаңартқан шоқтығы биік талай спортшылар шыққан. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, еліміздің спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді сұраймын, – деді Б.Сапарбаев.
Өз кезегінде спортшылар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдауға алғыстарын білдіріп, еліміз бен облысымыздың спортын жаңа белеске шығаруға аянбай тер төгетіндіктерін жеткізді.
– Пәтер сыйлап, қолдау білдіріп жатқан облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салатын боламын. Бүгін Алматы қаласына барып, арнайы тексерістен өтемін. Содан соң, Қырғыз елінің Шолпан ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, жалауы желбірейтін Азия ойындарында, алдағы Әлем біріншілігінде үздік атануға күш жұмсаймын, – деді Н.Жұмағали.
Айта кетейік, қос спортшыға сыйға берілген тұрғын үйдің құрылысын «Ернұржан-құрылыс» және «Тараз-Ісмер» мердігер компаниялары жүргізген.

Есен ӨТЕУЛИЕВ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support