- Advertisement -

Шерхан Мұртаза атындағы грантты жеңіп алды

302

- Advertisement -

Халықаралық Тараз инновациялық институтының  «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау  мақсатында «Шерхан Мұртаза оқуларын» дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Байқау негізгі төрт бағытта өтіп, қалалық кезеңге барлығы 80 оқушы,  облыстық кезеңге 130-ға жуық оқушы қатысты. Іріктеу нәтижесінде республикалық, ақтық кезеңге барлығы 5 облыстан (Маңғыстау, Алматы, Түркістан, Жамбыл,  Нұр-Сұлтан) 25 оқушы қатыстырылды.

Байқау нәтижесі бойынша 1-орын иегері —  «Шерхан Мұртаза атындағы гранттың» иегері  — Т.Рысқұлов ауданы, Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Нәдірқұл Аяулымға бұйырса, 2-орын — 50% жеңілдікті – Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Есіркеп Ақбота иеленді. Ал 3-орын – 25% жеңілдік — Жамбыл ауданы, Амангелді атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Күмісбек Аслан жеңіп алды.

Сонымен қатар, қосымша жүлделі орындарды  Қордай ауданы №51 орта мектептің 10 сынып оқушысы Алиева Ұлжан, Меркі ауданының 10 сынып оқушысы Есеналы Нұрайым, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 10 сынып оқушысы  Ғалымжанқызы Камалия қанжығаларына байлады.

Байқаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне орай әдіскерлер мен мұғалімдер алғысын білдіріп, ХТИИ ректоры, фил.ғ.д., профессор, ұлттық руханияттың жанашыры Ерболат Саурықов  «Шерхан оқулары» байқауын ұйымдастыруға ұйытқы болып отырғаны, грант пен оқу төлемақысына жеңілдік беруі – оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support