- Advertisement -

Меркіліктер «құда түсіп» келді

193

- Advertisement -

Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, «Таразға тарту!» жобасын қолдау мақсатында Тараз қаласындағы  «Баласағұн» орталық концерт залының алдында Меркі  ауданының  «Туған жерім –дархан далам!» атты мәдениет пен өнер күндері   (ауыл шаруашылық жәрмеңкесімен бірге) өтті.

Іс-шараға ортақтасқан  облыс әкімі Бердібек  Сапарбаев әуелі ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін көпшілікпен бірге аралады. Мұнда Меркі ауданының әкімі Руслан  Нұрсипатов өңір басшысына ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін таныстырып өтті. Жәрмеңкеге келген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев Меркі жерінен  әкелінген азық-түліктердің бағасы зейнеткерлер үшін де тиімді екенін айтса,  Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қалтаға сай келетін бағаға әулиеаталықтар риза болатынын жасырмады.  Облыс басшысы жәрмеңкенің жанындағы кілемде қазақша күрес, қол күресі,  таэквондо, асық ату сынды спорт түрлерінен шеберлік көрсетіп жатқан спортшыларға да назар аударып, ризашылығын білдірді. Өңір басшысы мұнан соң аудандағы балалар шығармашылығын дамыту орталығының сурет көрмесімен танысып, аудандық кітапхананың «Тәуелсіздік жылдары» атты  экспозициясын тамашалады. Мұнда да аталған ауданның өнер шеберлерінің ерекше әсерлі туындылары қойылған. Оның ішінде Тәуелсіздік, Отан, туған жер тақырыбындағы суреттер еріксіз назар аудартады. Сонымен қатар көпшілік қауымға меркілік этномәдени орталықтардың дәстүрі мен өнері ұсынылды.  Ең алғаш болып халқымыздың салты мен дәстүрін айшықтайтын киіз үйдегі әжелер әнін шырқаса, кейін өзбек, түрік, қарашай балқар, әзірбайжан және славян этномәдени орталықтардың ұлттық нақыштағы  бұйымдары көрсетіліп, ән айтылып, би биленді.

«Достық» биі композициясы қонақтар мен көрермендердің назарына ұсынылып, алты этностың ұлттық билерінің поппуриі көрсетілді.  Бұл өнер композициясы киіз үйдегі «Құда түсу» ұлттық дәстүрімен жалғасын тапты.

Концерт залдың фойесінде аудан азаматтарының қолөнер көрмесі, аудандық өлкетану музейіндегі көне ғасырлық тарихи жәдігерлер, Сыпатай Әлібекұлының 240 жылдығы, Асанбай Асқаровтың 100 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арнайы жеке заттары мен мүсіндерінен көрме ұйымдастырылды.  Сондай-ақ І-ІІІ ғасырдан сақталған  қола тайқазан, VI-VIII ғасырдың куәсі   балбал тастар да көпшілікті  қызықтырмай қоймады. Мұнда Меркі тауының самалы мен табиғатының тамашасы көпшілікті өзінің көркімен, емдік қасиеті бар «Меркі Родон» шипажайының да заттары қойылды. Сондай-ақ ауданда «Еңбек» бағдарламасы аясында бизнес бастаумен кәсібін айналдырып жүрген кәсіпкерлердің ұлттық нақыштағы құрақ көрпе мен қыз жасауы да ұсынылды.

Іс-шара облыс әкімі Бердібек Машбекұлы бастаған  көпшіліктің  аудандық өнерпаздардың жанды дауыстағы концертін тамашалауымен жалғасты. Мұнда әсем дауысты әншілер патриоттық әндерді, халық әндерін жүректерге жеткізе білді.  Концерт соңында өнерпаздарға облыс әкімінің ықылас гүлі ұсынылды.

Есет Досалы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support