- Advertisement -

Бұл жәрмеңке бұрынғыдан өзгерек

147

- Advertisement -

Ертеден қазақ пен қырғыз арасындағы байланыс бекіп, мемлекеттік сипатта өріс алып келеді. Осының айғағы ретінде 30 қазанда Қырғызстан Республикасы Шу және Талас облыстарының Жамбыл облысымен көп жылдық сауда-экономикалық ынтымақтастығы аясындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.


«Көне Тараз» этномәдени кешенінің аумағында өтетін жәрмеңкеде қырғыздық шаруалар 130,8 млн. теңгені құрайтын 128,6 тонна өнім ұсынады. Оның ішінде 21,7 тонна картоп, 19,1 тонна капуста, 15 тонна сәбіз, 2 тонна пияз, 30,1 тонна алма, 40 кг құрғақ жеміс және 0,5 тонна сүт өнімдері бар. Сонымен қатар, 2615 дана ағаш көшеттері, 100 дана гүл көшеттері өткеріледі.
Жәрмеңке барысында Қырғыз елінің өнерпаздарының мерекелік концерті ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аймақ басшылары кездесіп, арнайы Меморандумға қол қою рәсімі өткізіледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support