- Advertisement -

Қираған үйлер қалпына келтірілетін болады

60

- Advertisement -

Байзақ ауданының тұрғындарына көмек ретінде жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, демеушілер де тартылатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевпен бірге қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысып, Қайнар ауылының тұрғындарымен кездесті.

«Сарапшы мамандар әр үйді тексеріп, қорытынды жасады. Үйлеріңіз толықтай қалпына келтіріліп,  екі ай ішінде қоныстанатын боласыздар.  Біз сіздермен біргеміз.  Ешкімді көмексіз қалдырмаймыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Жарылыс салдарынан бүлінген нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 7 жұмыс тобы құрылды. Олардың құрамына құрылыс басқармасының, ҚазҚСҒЗИ, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және ТЖ қызметкерлері бар.

«Мемлекет екі ай ішінде 124 нысанды, оның ішінде 106 тұрғын үйді қалпына келтіруге міндеттеме алды. Олардың 35-і күрделі жөндеуді қажет етеді, қазіргі таңда 29 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары басталды. Қалған 71 үйге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде және бұл жұмыстар 60 пайызға орындалды. Сондай-ақ, 4 әлеуметтік нысан қираған, оның үшеуіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, апатты жағдайда тұрған Жібек жолы ауылындағы №5 орта мектептің ескі мектеп орнына жаңа 150 орындық мектеп салу туралы шешім қабылданды»- деді облыс әкімінің кеңесшісі Жандос Байырханов.

«Біздің үйді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанына үш күн болды. Жұмысшылар күн сайын таңғы 9-да келіп, кеш батқанда қайтады. Жөндеу жұмыстары басталмай тұрып, құрылыс жасағының бақылаушысы (бригадир) үйдің толық қалпына келтірілетінін айтып, қандай жұмыстар жүргізілетінін түсіндірді», деді Қайнар ауылының тұрғыны Өсембай Еркембай.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support