- Advertisement -

Отанымызға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың мерекесі

310

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймыз!

Халық даналығында «Бірлік түбі – береке» деген нақыл сөз бар. Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық. Түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақтың, бір тудың астынан табылып, бүгінгідей еңселі ел, іргелі мемлекет атандық.

Елімізде бүгінде 130-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді десек, оның ішінде облысымызда 87 этнос пен 75 этномәдени бірлестік өкілдері өзара келісім мен тұрақтылықта тіршілік кешуде.

Өткен жылдан бері облысымызда «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жүзеге асуда. Қоғамдық-саяси ахуалдың мониторингілеу, жергілікті халықты толғандыратын өзекті мәселелерді анықтау және шешу мақсатына негізделген жобаның аймақтағы ахуалдың тұрақтылығына оң әсер етері сөзсіз.

Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әр отандасымыздың қастерлі міндеті.

Қазақстан халқының бірлігі күні – шын мәнінде де қазақстандық патриотизмнің, өз Отанымызға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың, бірлік пен ынтымақтың, ырыс пен берекенің мерекесі.

Мейраммен құттықтай отыра, барша Жамбыл жұртшылығына мықты денсаулық, құт-береке, өзара татулық тілейміз!

Бердібек САПАРБАЕВ,

Жамбыл облысының әкімі.

Махметғали САРЫБЕКОВ,

 облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support