- Advertisement -

8 бағдарлама бойынша бірде-бір жұмыс орны ашылмаған

186

- Advertisement -

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы облысымызда қалай жүзеге асуда? Көрсеткіштер көңіл көншіте ме? Әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында нақты қандай шаралар қолға алынды? Облыстық әкімдікте өткен кезекті аппараттық жиында осы сұрақтар өткір қойылды.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кенжебек Олжабай жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 14,7 миллиард теңге қарастырылғанын, есепті мерзімде оның 1,9 миллиард теңгесі игерілгенін айтты.

– Биыл «Еңбек» бағдарламасына 40008 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Бүгінге дейін нақты 14 794 адам бағдарламаның шарапатын сезінді.

Ағымдағы жылғы жұмысқа орналастыру жоспары 29875 адамды құраса, есепті мерзімде 12789 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 4670 адам тұрақты жұмысқа орналастырылып, жоспар 25,7 пайызға орындалды.

Қ ы с қ а м е р з і м д і к ә с і п т і к оқыту жоспарына сәйкес 996 адам қамтылады. Қазіргі таңда өңірлік комиссияның отырысы өткізіліп, оқуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатқа облыстық және жергілікті бюджеттің есебінен 207,7 миллион теңге қарастырылып отыр. Бағдарламаның бірінші бағыты б о й ы н ш а о қ у ж ұ м ы с т а р ы н 3 1 мамандықпен 4 колледж және 16 оқыту орталықтарында жүргізу жоспарлануда, – деді Кенжебек Мамашбайұлы.

Баяндамашы бағдарламаның басқа да бағыттарына кеңінен талдау жасады. Мысалы, екінші бағыт бойынша ағымдағы жылы 602 адам шағын несие алады. Осы мақсатқа 2,9 миллиард теңге бөлінген. Сонымен қатар, осы бағыт аясында кәсіпкерлікті дамытуға 3780 адамға 2205,3 миллион теңге мемлекеттік грант беру қарастырылса, бүгінгі күнге 1552 адам осындай мүмкіндікке қол жеткізген. Бұдан бөлек ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қосымша 2820 адамға грант беруге 1645,2 миллион теңгеге сұраныс берілгенімен, ол ведомство тарапынан қолдау таппай келеді.

– « И н т е г р а ц и я л ы қ к а р т а » автоматтандырылған ақпараттық жүйеге облыс бойынша мемлекеттік бағдарламалар және жеке бастамалар аясында құрылған жаңа жұмыс орындары толығымен енгізілді. Есепті кезеңде 9304 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жалпы, биыл «Еңбек» бағдарламасы аясында халықты жұмыспен қамту шаралары белгіленген жоспарларға сәйкес толық негізде жүзеге асырылуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылдың қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады, – деді Кенжебек Мамашбайұлы.

Сондай-ақ ол атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалу барысына да тоқталды. Биыл атаулы әлеуметтік көмекпен 95 430 адамды қамту үшін барлығы 9,9 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты.

Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бейнебайланыс арқылы Тараз қаласы мен Мойынқұм, Меркі, Жуалы аудандары әкімдерінен жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрады. Осы орайда Жуалы ауданының әкімі Олжас Қаржауов қосымша гранттар берілген жағдайда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан сертификат алу мәселесін шешу керектігін алға тартты.

Аймақ басшысы жұмыспен қамту бағытында бірқатар шаруалар қолға алынғанымен түйткілдер түйінінің толықтай тарқатылмағанын баса айтты.

– Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алдымызға қойып отырған нақты тапсырмаларының бірі – халықты жұмыспен қамту. Ол үшін біз мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігін толығымен пайдаланып, бұл бағытта бөлінген қаражатты мақсатты әрі тиімді игеруіміз қажет. Алайда басқарма тарапынан нақты талдау жоқ. Мысалы, биылғы 4 айдың ішінде 8 мемлекеттік бағдарлама бойынша бірде-бір жұмыс орны ашылмаған. Жүргізілген мониторингтің нәтижесі осы ма?

Есепті кезеңде тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспары 25 пайызға ғана орындалған. Бұл да төмен көрсеткіш. Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны былтырға қарағанда азайды ма, көбейді ме? Ондай да мәлімет жоқ. Жалпы, әрбір жұмысты республикалық деңгеймен салыстыра отырып жасауымыз керек. Өкінішке қарай, бүгінгі жасалған баяндамада ондай талдаулар қамтылмаған. Мен мұның бәрін не үшін айтып отырмын? Біздің ең негізгі мақсатымыз – атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын азайтып, жұмыссыздық деңгейін төмендету. Біз мұқтаж адамдарды оқытып, қосымша мамандық беруіміз қажет. Келе сі ке зекте тұрақты жұмысқа орналасуына жәрдемдесеміз. Сондықтан да біз нақты е себін жүргізуіміз керек.

Тағы бір айта кетерлігі, қосымша гранттар беру туралы Еңбек және х а л ы қ т ы ә л е у м е т т і к қ о р ғ а у м и н и с т рл і г і м е н ж ү й е л і ж ұ м ы с жүргізілмеген. Әйтпесе, ведомство басшылығымен бұл бағытта келісім болған. Сол себепті де бұл тапсырманы қайтадан пысықтау керек, – деді Бердібек Машбекұлы.

А п п а р ат т ы қ ке ң е с т е с п о рт саласын дамытудың жай-күйі де қаралды. Бұл мәселе бойынша облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков баяндады. Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жыл басынан бері облыс бойынша барлығы 504 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оларға 25 664 адам қатысқан.

– Қазіргі таңда облыстағы спорт нысандарында оқу-жаттығу жұмыстары санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізілуде. Бұқаралық-спорттық іс-шаралар да ашық аспан астында, 100 адамнан асырмай жинай отырып ұйымдастырылуда.

Биыл «Аула ойындары» және « К ө ш е о й ы н д а р ы » с п о р т т ы қ ойындарының І және ІІ кезеңдері Тараз қаласы мен аудандарда өтуде. Сонымен қатар мамыр айынан бастап «Алтын асық», «Былғары доп» облыстық турнирлері, салааралық спартакиадалар, тұрғындар арасында жеңіл атлетикалық жүгірістер, велошерулер және тағы да басқа спорттық іс-шаралар өткізу жо с п а рл а н ы п от ы р . С о н д а й — а қ оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында облыс әкімдігі білім басқармасымен бірлесіп, «Жазғы демалыс» жобасы әзірленуде. Жобада спорт нысандарына онлайн экскурсия және атақты спортшылармен онлайн мотивациялық кездесулер көзделген.

Жалпы, 2021 жылдың І тоқсаны бойынша облыста дене шынықтыру ж ә н е с п о р т п е н ж ү й е л і т ү р д е шұғылданушылар қатары 375 674 адамға немесе облыс тұрғындарының 33 пайызына жетті, – деді Нұрбол Жүнісбеков.

Басқарма басшысы өз сөзінде облыс спортшыларының жетістіктеріне де тоқталды. Өткен жылы жамбылдық жампоздар түрлі республикалық және халықаралық байрақты бәсекелерде 697 медальға ие болған. Бүгінгі таңда 1 121 спортшы түрлі дейгейдегі ұлттық құрама командалардың құрамына қосылды. Бұл Қазақстан құрама командасының 10,3 пайызын құрайды. Сондай-ақ жерлестеріміз Токио олимпиадасына бірнеше лицензия иеленді. Сонымен қатар 4 спорт түрі бойынша 5 спортшының айтулы додаға қатысуға мүмкіндігі бар.

Сол сияқты даңқты спортшы Зүлфия Ғабидуллина 2018-2021 жылдары өткен лицензиялық түрлі жарыстарда 50 метр қашықтықта еркін және арқамен жүзу стильдері бойынша XVI жазғы Паралимпиада ойындарына лицензия ұтып алды. Сондай-ақ пара таэквондодан екі дүркін Әлем чемпионы Өмірәлі Нышан, пара жеңіл атлетикадан Әлемдік Гран-При сериясының жеңімпазы Салтанат Әбілхасымқызы, пара жүзуден Әлем кубогінің иегері Жұмағали Нұрдәулет те лицензия алуға біртабан жақын тұр.

Д е ге н м е н с п о рт с а л а с ы н д а мәселелер де жоқ емес. Биыл аудандар мен Тараз қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне бұқаралық спортты дамытуға жалпы 303 640,0 мың теңге бөлінген. Алайда бұқаралық спортты қаржыландыру көлемі Байзақ, Қордай, Меркі, Талас және Сарысу аудандарында басқа аймақтармен салыстырғанда төмен болып отыр. Сондай-ақ өткен жылы пайдалануға берілген 14 дене шынықтыру және спорт кешенінің дені спорттық құрал- жабдықтармен қамтылмаған. Осыған орай 67,6 миллион теңгеге бюджеттік өтінім әзірленгенімен, бюджеттік комиссия тарапынан қолдау таппаған.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұқаралық спортты дамыту күн тәртібінен түспейтінін айтты.

– Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жаңа нысандар бой көтерді. Алайда кейбірінде доп та жоқ. Сонда біз осындай кешендер мен спорт залдарын не үшін, кім үшін салып жатырмыз? Барлық нысандар тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сондай-ақ қолжетімді болуы керек. Жақында сағат 19.30 шамасында іссапардан келе жатып «Қант зауыты» аймағындағы спорт нысанына соқсам, есігі тарс жабық тұр. Бұлай болмайды. Біз тұрғындарды, әсіресе жастарды спортқа көбірек тартуымыз қажет. Үйірмеге жазылмаған жеткіншектер қылмыс жасауға үйір болады. Сондықтан да Тараз қаласы мен аудан әкімдері «қиын» балалардың ата-аналарымен түсінік жұмыстарын жүргізіп, бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпал еткені абзал. Сонымен қатар спорт саласына бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтуды мамыр айына дейін шешкен жөн. Ал нысандардың қолжетімділігін бақылауға депутаттар мен қоғам белсенділері атсалысса құба-құп, – дей келе Бердібек Машбекұлы жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support