Тәуелсіздікке тартылған сый

107

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында  Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке тартылған сый» атты  әдеби композиция өтті

Кітапхананың тұрақты оқырманы, жас ақын Райымбаев Мерейхан «Тәуелсіздіке тарту» өлеңімен кешті ашып, іс-шара қонағы Жамбыл облысы «Jas otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары  Әбуғали Ерғали Рүстемұлы зағип жандармен пікірлесті.

І топ көз мүгедектері Пірманов Махмұд «Мен қазақпын», Ақпаев Нұрсұлтан «Атамекен», Есманов Ғалымжан «Қазағым-ай» әнін шырқап, арнайы кітапханада іс-тәжірибеден өтіп жүрген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білімгерлері   Лесбек Мақпал мен Зәйлу Гүлзат қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды.

Ерғали Рүстемұлы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан оң істер,  «Jas otan» жастар қанатының атқарып жатқан жұмыстары мен жастарды кітап оқуға баулудың жолдарын айтып, кешті ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Пай-пай, өмір» өлеңін оқумен аяқтады. Кеш соңында кітапхананы аралап, Брайль қарпінде кітап шығаратын Ербол Бегимовтың жұмысы мен  кітап көрмелерімен танысты. Саусақ ұшындағы әлемді сезініп, Брайль қарпіндегі әдебиеттерді көріп, бірге жұмыстар жүргізетін жеткізді.

Comments are closed.