- Advertisement -

300-ге жуық азаматтың ПТР тест анықтамасы болмаған

71

- Advertisement -

9 наурыз күні Қазақстанға БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан мен Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі арқылы елімізге 3 279 жолаушы ұшып келді. Оның 3 005-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. Ал 274 азаматта осындай анықтама болмаған. Енді үкімет осы азаматтардың тест тапсыруы үшін 1 миллион 918 мың теңге төлейді.

3 наурыздан бастап мемлекеттік зертханалар бір ПТР-тест үшін жеті мың теңге жұмсайды. Бұл соманың ішінде қонақ үй мен тамақтану шығындары қарастырылмаған. Алайда үкімет ПТР-тестсіз елге келген азаматтарды екі күн күту бойынша міндеттерді өз мойнына алған болатын.

8 наурызда 101 азамат Қазақстанға анықтамасыз келген. Осы жолаушылардың ішінде бір қазақстандықтан коронавирус анықталды. Ол Минсктен Нұр-Сұлтанға ұшып келген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support