- Advertisement -

Атырау облысы қайтадан «сары» аймаққа кірді

75

- Advertisement -

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады. Қазақстанда 9 наурыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Ақмола және Павлодар облыстары «сары» аймақта тұр. Ал қалған өңірлер — «жасыл» аймақта. «Қызыл» аймақта ешбір облыс жоқ. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «сары» аймақта орналасқан.

Кешегі күннің статистикасы бойынша бір тәулікте анықталған науқастардың саны жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр. Жалпы өткен тәулікте 571 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.

Ал Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында вирусты жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмеген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support