- Advertisement -

Арнайы орталық ашып берген Елбасыға алғысымыз шексіз

54

- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры Дариға Назарбаева облысымызда жұмыс сапарымен болып, бірқатар нысандарды аралады. Нақтырақ айтсақ, Дариға Нұрсұлтанқызы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге облыстық көпсалалы балалар ауруханасындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының, Тараз қаласындағы «№9 және А.Гайдар атындағы №35 орта мектептерінде орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Тараз қаласының «Қамқорлық» оңалту орталығының директоры Раиса Қожамжарованың айтуынша, мұнда нейро-ортопедиялық аурулары бар 80 бала оңалтудан өтуде. Ашылған сәттен бастап Жамбыл облысынан ерекше мүмкіндігі бар екі жүзге жуық бала көмек алып үлгерген. Бұл орталық Елбасы бастамасы аясында ашылған республикамыздағы сегіз орталықтың ішіндегі ең үлкені. Жалпы ауданы 1500 шаршы метрді алып жатыр ғимаратта екі бассейн, бірнеше емалу кабинеттері бар. Орталық отыздан аса қызмет түрін көрсетеді. Онда дәрігерлердің консультациялары, механотерапия, емдік дене шынықтыру (кинезотерапия), сенсорлық және интерактивті бөлмелерде логопедтердің, дефектологтардың, психологтардың, эрготерапевтердің сабақтары, минералды сумен емдеу, физиоемдеу және басқа да ем түрлерінің жасалуда. Сондай-ақ онда «Қамқорлық» орталықтарында тиісті оқытудан өткен білікті мамандар жұмыс істеуде. Жаңа 8 орталықтың жұмысы нәтижесінде церебралды сал ауруы бар балаларды қамту 20 пайызға өскен.

Жалпы республикада мұндай орталықтың жұмысын қажет ететін 26 мың бала болса, оның 6100-і Жамбыл облысында тұрады екен. Балалармен 32 маман жұмыс істеуде.

Ал орталығының бас дəрігері Азат Сатжанов орталық қараша айынан бастап жұмыс істеп жатқанын айтты. «Бұған дейін мүмкіндігі шектеулі, жүйке жүйесінде ақауы бар балаларды ем алуы үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберетінбіз. Осы орталық ашылып, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталғаннан бері сырқаттарды өзімізде емдеудеміз. Біз тəулігіне 50 балаға ем көрсетеміз. Қазір 80 балаға ем көрсетуге мүмкіндігіміз болғандықтан күнделікті осынша баланы қабылдаймыз. Бізде балаларға медициналық, əлеуметтік жəне педагогикалық көмек түрлері көрсетіледі. Ем қабылдаудың бір курсы 21 күнді құрайды. Қазір үшінші курсын жалғастырып жатқан балалар бар. Орталықта жылына 15 курс ем қабылдау шарасы қарастырылған» дейді ол.

Дариға Назарбаева дәрігерлердің ой-пікірін де тыңдай отырып, барлық бөлмелерді аралап, ем алып жатқан балалармен де сөйлесуге тырысты. Төрт жастағы Аймен Нығмет Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқып берді. Ал «логопед» бөлмесінде екі жастағы баланың анасы Эльена Антимонова, «Тұрғылықты жерімізде ем қабылдап жатырмыз. Мұндағы дəрігерлер өз жұмысына жақсы қарайды. Орталық ашылғалы баламды осында массажға əкеліп тұрамын. Дамуында ілгерілеушілік бар. Облыс орталығынан осындай орталық ашып беріп отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа айтар алғысымыз шексіз. Баламыздың емі үшін бұрынғыдай алыс қалаларға бармайтын болдық» деді ол. Дариға Нұрсұлтанқызы «үйде өзіңіз де балаңызға массаж жасайсыз ба?», деп сұрады. Ол осындағы мамандардан үйреніп жатқанын айтып, орталық қызметкерлеріне, массажист медбикелерге аналық алғысын жеткізді.

«Мұны неге сұрап отырмын? Өйткені ерекше қажеттілігі бар балаларға  аналары да үйде массаж жасай білгені дұрыс. Сол үшін осы жерде балалардың аналарына массаж жасаудың техникаларын бір сәт үйретіп қойғанның еш артықтығы жоқ. Екі жақты жасалған ем-домның оң нәтижесі болары анық. Сондай-ақ аналармен психологтар бір сәт жұмыс істесе дұрыс болар еді. Мұны айтып отырған себебім, көп жағдайда аналардың көңіл-күйі балаларға да беріледі. Сондықтан орталықта балалармен қатар олардың да ата-аналарымен жұмыс істеуді қолға алу керек» деп тапсырма берді орталық басшысына.

Осыдан кейін орталық пен емделушілердің ұйымдастыруымен ерекше қажеттіліктері бар балалар əн айтып, би биледі. Тараз қаласында осындай орталықты ашып берген Елбасына аналар атынан Дариға Маделова мен Айым Атекенова (Павлодар қаласынан келген) алғыстарын айтып, орталық қызметкерлеріне ізгі-тілектерін жеткізді.

– Бұл бастама Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-мен бірлесіп, Үкімет пен әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылды. Барлығыңыз да  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына алғыс айтып жатырсыздар. Біле білсеңіздер еліміз Тəуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Елбасы-Тұңғыш Президентімін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші кезекте көңілді халыққа, халықтың денсаулығына бөлді. Бүгінде Елбасы атынан құрылған қор денсаулық саласында оңалту орталықтарын ашып, мүмкіндігі шектеулі балаларға барынша қолдау көрсетуде. Республикамызда осындай сегіз оңалту орталығы ашылған болса, соның барлығы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Біздің орталықтарда бар құрал-жабдықтардың кейбірі дамыған елдердің өзінде жоқ. Балаларға, олардың ата-аналарына осындай қуаныш сыйлағаны үшін Елбасына сіздердің аттарыңыздан Алғысымды айтамын, – деді Бердібек Машбекұлы.

Оңалту орталығының жұмысын жоғары бағалаған Дариға Назарбаева «Жаңа ашылған оңалту орталығының Жамбыл облысында қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзіммен көру үшін арнайы келдім. Қарап отырсам, көп жұмыс атқарылыпты. Астанада жоқ құрал-жабдықтармен жабдықталыпты. Емделудің жолы ұзақ, сырқатты жеңіп шығу үшін елу пайыз сенім мен білім керек. Ондай күш-жігер сіздерде бар. Сондықтан осында ем қабылдап жатқан балалардың тез сауығып кетуіне тілектеспін», деді Дариға Нұрсұлтанқызы.

«Инклюзияны қолдаудың 16 кабинетін құру» – Елбасының тағы бір басшысы. Қор директоры №9 орта мектеп базасында ашылған инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен танысты. Мектеп директоры Салтанат Жанұзақованың айтуынша, бүгінде ерекше білім алуға қажеттілігі бар 12 бала өз құрдастарымен бірге мектепте оқуға мүмкіндік алыпты. Бұрын бұл балалар үйде оқытылды және логопед, дефектолог және психолог сынды мамандардың көмегін үзіліссіз ала алмаған. Балаларға оңалту жəне методикалық оқу формасында 14 маман білім беруде. Дариға Нұрсұлтанқызын топтық жұмыспен айналысып жатқан оқушылардың жұмысы қызықтырды. Ұлдар сазермектен түрлі жан-жануарлардың мүсінін жасаса, қыздар жағы ақ параққа сурет салған. Сабағын аяқтаған Алина Болатқызы мен Айан атты қыз салған суреттерін Қор директорына сыйлады.

Келесі кезекте Дариға Назарбаева «А.Гайдар атындағы №35 орта мектепте орналасқан инклюзияны қолдау кабинеттерінде болды. Мектеп директоры Сабит Кененсариев басында бұл жобаны түсініңкіремегенін жасырмады. Жұмысты бастап кеткеннен кейін әрбір ата-анамен тығыз байланыста жұмыс істеп кеткенін айтты. Жалпы бұл мектепте 29 мүмкіндігі шектеулі бала білім алса, оның 10-ы осы инклюзияны қолдау кабинеттерінде білім алып жатыр.

– Мектепте жалпы білім алатын мүмкіндігі шектеулі 29 бала бар. Бірақ оның 10-ы осында келсе, қалған 19-ы қамтылмай отыр ғой сонда. Оларды да осы сыныпқа тартып, инклюзияны қолдау кабинеттерінің тиімділігін ата-аналарға түсіндіру керек. Қажет болса, тағы бір-екі сынып ашып беруге қолұшын беретін боламыз, – деп Бердібек Машбекұлы тапсырма берді.

Осы кабинетке қызын беріп отырған Ақбөпе Тұрсынбаева кабинетке келгелі қызында көп өзгеріс пайда болғанын айтып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға осындай кабинет ашып, жабдықтап берген Елбасына аналық алғысын жеткізді.

Дариға Нұрсұлтанқызы Жамбыл өңірінде де инклюзияны қолдау кабинеттерін көптеп ашу керектігін айта келіп, сапарының соңында ұстаздар қауымына «Еңбектеріңіз жемісті болсын, балаларымыз ауырмасын» деген тілегін айтты.

Марат Құлибаев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support