- Advertisement -

Гвинеяда Эбола эпидемиясы тарала бастады

90

- Advertisement -

Гвинеяның оңтүстік-шығысындағы Нзерекоре префектурасы мен Гуеке ауданында Эбола эпидемиясы басталды.

Безгектің таралуымен күресу үшін бірқатар іс-шара қабылданғаны туралы елдің Денсаулық сақтау министрі төрағалық еткен отырыста айтылды. Онда сырқаттарды анықтап, олармен байланыста болғандардың барлығын оқшаулау керектігі айтылды. Гвинеяның санитария өкілдері Эбола безгегі алғаш Гуеке қаласында медбикеден анықталғанын мәлімдеді, ол 28 қаңтар күні қайтыс болған. «Қоштасу рәсімінен кейін бірнеше күн өткен соң бірнеше адамда сырқаттанушылық белгілері байқалған, яғни, іш өту, құсу, қан кету және ыстығы көтерілу. Вирустың бар-жоғын анықтауға тапсырылған тест нәтижесі алғаш 12 ақпанда расталды», — деді Сакоба Кейт. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Гвинеяға көмек көрсету үшін бар күш жұмылдыратынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, 2014-2016 жылдары Гвинея Батыс Африкадағы Эбола вирусының таралу ошағына айналып, 28 мың адам індетке шалдығып, 11 мыңы  қайтыс болған еді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support