- Advertisement -

Инвестиция тартуда Меркіден озатыны жоқ

126

- Advertisement -

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданында болып, аудан әкімінің халық алдында берген жылдық қорытынды есеп беру жиынына қатысты. Халықпен кездесуде Мейірхан Өмірбек ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және алда тұрған міндеттері туралы баяндады.

Аудан басшысының айтуынша, өнеркәсіп өнімі 6,4 миллиард теңгені құраса, негізгі капиталға салынған инвестиция 16,96 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 143,3 пайызға орындалған. Бөлшек сауда тауар айналымы 8,3 миллиард теңгеге, ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім 35,4 миллиард теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, ауданда 880 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылған. Жалпы ауданда 106 жобаны жүзеге асыру үшін 5,7 миллиард теңге қаражат бөлінген.

Өткен егін науқанында 52721,1 гектар алқап ораққа түсіп, одан 99130,3 тонна астық бастырылып, орташа өнім гектарына 18,8 центнерді құрады. Соңғы жылдары қант қызылшасы өндірісі жақсы жолға қойылды. Былтыр «Меркі қант зауыты» ЖШС-на 55,7 мың тонна балтамыр өткізіліп, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,1 мың тоннаға артқан. Зауыт шаруаларға берешегін толықтай өтеген.

Ауданда былтыр су үнемдеу технологиясы 4284 гектар алқапқа енгізіліп, жоспар 134 пайызға орындалған. Сондай-ақ 120 дана жаңа техника сатып алынып, техника паркі 10,2 пайызға жаңартылды.

Мал шаруашылығында да өсім бар. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 416 мүйізді ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасымен 19306 қой сатып алынып, мал басы едәуір артқан. Осыдан кейін Иран, БАӘ, Бахрейн мемлекеттеріне 123,9 тонна қой еті, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне 178,9 тонна сиыр еті экспортталған. Ет бағытындағы кооперативтер 132,2 тонна ет өндірсе, сүт бағытындағы кооперативтер 1850 тонна сүт өндіріп, 17,4 миллион теңге субсидия алыпты.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5420 гектар алқапты құрайтын 31 жер телімінің игерілмегендігі анықталды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде 3910 гектар игерілмеген жер телімдеріне қатысты тиісті шаралар қолданылған. Қалған жер телімдеріне шара қолдану барысында ескерту жұмыстары жүргізіліп, жер учаскелерін қайта игерген.

Құрылыс көлемі 222 пайызға жоғарылапты. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 38216 шаршы метрді құрап, 121,3 пайызға өскен. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестиция 1910,8 миллион теңгені құраған. Бұдан бөлек, аудандағы 45 елді мекеннің 38-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылса, 39 елді мекенге табиғи газ тартылған. Сонымен бірге 129 аудандық және ауыл ішілік жолдар жөндеу көрген.

Аудан әкімі Мейірхан Өмірбек бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламалардың, аудан тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсартуға бағытталған қанатқақты жобаның, басқа да салаларға жеке дара тоқталып, ауданның өткен жылдағы жетістіктері мен алдағы міндеттерін алға тартты. Есеп беру жиынын аудан тұрғындары онлайн режімде де тыңдауға мүмкіндік алды.

Бұдан кейін сұрақ-жауап бөлімі басталып, аудан тұрғындары өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойды.

Ең алдымен «Ауданда той өткізу тыйылмай тұр. Көшеде көлік жүргізушілері жарыс ұйымдастырады. Полиция қайда қарап отыр? Кенесары ескерткіші қашан салынады?» – деген сұрақтар қойылды.

Заңсыз той өткізгендерге өткен жылы 11 миллион теңге айыппұл салынды. Кенесары ескерткіші Тəуелсіздіктің 30 жылдығына қарай орнатылатын болады», – деді Мейірхан Азатұлы.

«Ауданда қанша су ұңғымасы бар?» – деп Бердібек Машбекұлы да сұрағын қойған еді. «82 ұңғыма бар. Оның 18-ін іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деді аудан əкімі.

«Біз жұмыс істейміз, іске асырамыз деп жүргенде көктемгі дала жұмыстары басталып кетпей ме? Сол үшін ғалымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасау керек. Ал жол көлік оқиғасына келетін болсақ, ол қайда орын алса, оған сол ауданның полиция бөлімі жауап береді. Яғни Меркі ауданының полиция бөлімі жауапты. Баяндамада қылмыс азайды деп жатырсыңдар. Ол қылмыс пандемияның салдарынан азайған. Полиция қалайда жұмысын жандандыруы тиіс», – деді аймақ басшысы.

Кеңес ауылының тұрғыны Қуанышбек Ақауов орталық алаңға Тұңғыш Президентіміз- Елбасы Н.Назарбаевтың е сімі берілс е деген ұсыныс айтты. Сонымен қатар осы өңірден шыққан Қоғам қайраткері Мәсімхан Бейсебаевтың есімін бір көшеге берілсе, тұрмысы төмен отбасыларға тегін нан таратылса, дəрі-дəрмек бағасы қадағаланса деді ол.

Бұл мəселенің ономастикалық комиссияда қаралатынын айтқан Мейірхан Өмірбек, «Әлеуметтік дүкен ашылды. Барлық округте бұл бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Дəрі бағасын қараймыз. Кейбір дәрілердің шектік бағасы бар», – деді.

Шамшидин Сүлейменов өзінің əзірбайжан ұлтының азаматы екенін айтып, «Меркідегі ұлттардың достығы мығым. Менің екі жасымда ата-анам осында жер аударылған. Содан бері біз қазақтың жамандығын көргеніміз жоқ. Қазір 85 жасқа келдім, қазақ халқына рақмет айтамын. Біз мемлекетіміздің тəуелсіздігін құрметтеп, мемлекеттік тілге деген құрметімізді қазаққа сөйлеу арқылы білдіруге тиіспіз», – деп жастарға ұсыныс айтты.

Ауданның Құрметті азаматы Нұрсұлтан Жəнібеков егіс алқаптарында ауыспалы егіс жүйесі енгізілсе, бұрынғы зауыттар, нақтырақ айтқанда, Меркі спирт зауыты, конфет фабрикасы қалпына келтірілсе деді. Ауылдың тағы бір тұрғыны аудан орталығынан бассейін салынса, 59 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген мектеп интернатты жөндеп берсеңіз деген өтінішін айтты.

Əл е у м е т т і к ж е л і а р қ ы л ы а уд а н тұрғындарынан 7 өзекті сұрақ түскен. Ол сұрақтардың дені ауыл шаруашылығы саласына қатысты. Ол сұрақтың барлығына аудан әкімі тұшымды жауап берді.

Жеке кəсіпкер Ержан Қырғабақов мұз айдынын салғанын айтып, «Кəсібімді кеңейткім келеді. Несие алып жұмыс істейін десем мемлекеттік грантқа қатыса алмай-ақ қойдым. Соған аймақ басшысы ретінде көмек беруіңізді сұраймын», – деді. «Сіздің мұз айдынын салғаныңызды баспасөзден оқыдым. Үлкен жұмыс жасағансыз. Бұл мəселені зерделеп қараймыз», – деді облыс әкімі.

Жиынның қорытынды сөзі облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа берілді. «Осы жиында жақсы мəселелер айтылды. Бізге ең керегі – ынтымақ. Ынтымақ болмаса – тұрақтылық болмайды, тұрақтылық болмаса – экономикамыз көтерілмейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халық үніне құлақ асатын мемлекет құру керек деп жатыр. Сол үшін әкімдер халықпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Өткен жылы ауданға 5,8 миллиард теңге бөлінуінің арқасында көптеген игі тірліктер атқарылды. Меркі – ауыл шаруашылығын дамытуға өте қолайлы аймақ. Сондықтан өлке табиғатының мүмкіндіктерін пайдалана отырып бақша, көкөніс, егіс пен балық шаруашылығын қолға алуға тиіспіз», – деген Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарынан түскен сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Аудан əкімінің есебінен кейін облыс əкімі Бердібек Сапарбаев «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы алаңында Меркі ауданының тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

* * *

Облыс əкімінің бұдан кейін жұмыс сапары Қордай ауданындағы Əлжан ана ауылында жалғасын тапты. 2018 жылы пайдалануға берілген музейде 54 жәдігер бар болса, оның 11-і нумезматика, ал ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасымыздың шығармалары, естеліктерімен бағдарламалары жазылған кітаптар саны – 37. Мәдениет үйінде ауыл жастарын өнерге баулу мақсатында 6 үйірме жұмыс істейді. Атап айтсақ, би, домбыра, вокал, көркемсөз оқу және қол өнер үйірмесі. Сонымен қатар мәдениет үйі құрамындағы «Әжелер ансамблі» бүгінде көрермен ықыласына бөленіп жүр. Өңір басшысы аталған музей мен мәдениет үйінің жұмысымен танысты.

 Марат Құлибаев

Меркі, Қордай аудандары.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support