- Advertisement -

Жеке бизнесін дамытамын деген кәсіпкерлерге мүмкіндік мол

77

- Advertisement -

Бүгінде жеке кәсіп ашып, тірлік етемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан нақты көмек көрсетілуде. Бұл мәселе Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Мәселен, былтырғы қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында да шағын және орта бизнеске кеңінен тоқтала келе: «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуі тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек», – деп атап көрсетті. Биылғы қаңтар айының соңына қарай өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық еткен Қасым-Жомарт Кемелұлы сөзін шағын және орта кәсіпкерлікке назар аударудан бастап, халықтың үштен біріне жұмыс тауып беріп отырған шағын және орта бизнеске биыл да қолдау көрсету басты назарда болуы тиіс екенін Үкіметке нықтап тапсырды.

Пре зидент ат ап көрс еткен халықтың үштен бірін жұмыспен қамтып отырған саланың өркендеуіне 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры зор үлес қосып келеді. 2002 жылы Тараз қаласында қордың облыстық филиа лы ашылады. Содан бері шағын және орта бизнес нысандарына қаржылай қолдау көрсетуді мақсат еткен осы ұлттық даму институты мыңдаған кәсіпкердің тірлігін дөңгелетіп әкетуіне септігін тигізді.

– Б ү г і н д е « Д а м у » қ о р ы кәсіпкерлерге негізгі үш бағытта қ а р ж ы л а й қ о л д ау к ө р с е т е д і . Б і р і н ш і д е н , к ә с і п к е р л е р д і ң банктен несие алу үшін кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қор не сие бойынша ішінара кепілдік береді. Екіншіден, кәсіпкерлердің несие бойынша пайыздық шығындарын төмендету мақсатында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін қайтарымсыз негізде с у б с и д и я л а й д ы . С ы й а қ ы мөлшерлемесін субсидиялау және несиелерді кепілдендіру құралдары «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» сияқты мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Қор оларды жүзеге асыру жөніндегі оператор болып табылады. Аталған қолдау құралдарын жүзеге асыру үшін қаражат республикалық және жергілікті бюджеттерден облыстық әкімдіктің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық дамыту басқармасы арқылы бөлінеді.

Одан бөлек, кәсіпкерлердің жобаларын одан әрі жеңілдетілген ш а р т т а р м е н қ а р ж ы л а н д ы р у м а қ с а т ы н д а « Д а м у » қ о р ы қаражаттарды екінші деңгейлі банктерде, шағын несие ұйымдарында және лизингтік компанияларда шартты түрде орналастырады. Қаражатты орналастыру қордың өз қаражаты есебінен де, жергілікті бюджеттерден және ұлттық қордан бөлінген, сондай- ақ халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылған қаражат есебінен де жүзеге асырылады, – дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Берік Нұрғалиев.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы екі бағытта жүзеге асырылатын көрінеді. Портфельдік субсидиялау және кепілдендіру бағыты бойынша салалық шектеулерсіз микро және шағын кәсіпкерлік нысандары қатыса алады, мәселен экономиканың кез келген саласындағы, тіпті саудадағы жобалар да қаржыландырылады. Бағдарламаға қатысу үшін несие мөлшері 20 миллион теңге, оның ішінде айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін пайдалануға болады. Қаржыландыру не сие сомасының 85 пайыз мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігімен жүзеге асырылса, қалған 15 пайызға кәсіпкер өзінің мүлкін неме се ақшасын кепілге қоюы қажет. Портфельдік субсидиялау мен кепілдендірудің ерекшелігі – банк несие берумен қатар, субсидиялау және кепілдендіру туралы шешімді өз деңгейінде «Даму» қорының қатысуынсыз қабылдайды. Қор банктің шешімін алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде банктің пайдасына кепілдік міндеттеме шығаратын көрінеді.Мұның өзі микробизнес жобасын қаржыландыру процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін саудадан бөлек салалық шектеулер қойылмаған. Бұл ретте саудаға 100 миллион теңгеге дейін айналым қаражатын толықтыруға көмек көрсетіледі. Осы жерде кәсіп ашамын деген азаматтарға қаржыны кім береді деген сұрақ тууы мүмкін. «Бизне стің жол картасы» бағдарламасы аясында банктер несиені өз қаражаты есебінен беретінін еске салып кетсек дейміз. Қор қаржыландыру проце сіне араласпау саясатын ұстанады, банктер өздерінің ішкі несие саясатына сүйене отырып, жобаларды өздері іріктейтін көрінеді. Несие алам дейтін азаматтардың мына мәселеге де назар аударғаны жөн. Жоба одан әрі мемлекеттік қолдау алу үшін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 14 пайыздан аспауы тиіс, оның ішінде кәсіпкер бар болғаны 6-ақ пайыз төлесе, қалған бөлігін мемлекет «Даму» қоры арқылы субсидиялайды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қ о р ы а к ц и о н е р л і к қ о ғ а м ы о бл ы с т ы қ ф и л и а л ы н ы ң Та р а з қаласы Желтоқсан көшесіндегі бас кеңсесінде болғанымызда жоғарыда сөз болған қор жұмысының осындай ерекшеліктері мен тиімділігіне көз жеткіздік. Айтпақшы, несие негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде құрылысқа қажетті коммерциялық нысандарды, қажетті жабдықтар мен техника сатып алуға, айналым қаражатын толықтыруға, банктерден 8 жыл ішінде алынған қарыздарды қайта қаржыландыруға беріледі екен. Субсидиялау құралы бойынша бір қарыз алушыға несиенің ең жоғары сомасы – 7 миллиард теңге. Инвестициялық жобалар бойынша субсидиялар мерзімі 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға арна лған жоба лар бойынша 3 жылға дейін көрінеді. Бұл ретте инвестициялық жобалар бойынша несие мерзімі субсидиялау мерзімінен ұзақ болуы мүмкін екен.

Кәсіпкерлердің несие рәсімдеу б а р ы с ы н д а ж и і к е з д е с е т і н мәселелерінің бірі – кепілге қоятын мүліктің жетіспеушілігі немесе өнімділігінің төмендігі. Дегенмен бұл мәселе де шешімін тауыпты. Мұндай жағдайда «Даму» қорының кепілдігі оларға өз жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Тіркеу мерзімі 3 жылдан аспайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кепілдік несие сомасының 85 пайызына дейін беріледі, ал жұмысы жүріп тұрған кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін беруге мүмкіндік бар. Инвестициялық мақсатта кепілдік берілетін несиенің ең жоғары сомасы 1 миллиард теңге, ал айналым қаражатына 500 миллион теңге екен.

«Қарапайым заттар экономикасы» б а ғ д а р л а м а с ы э ко н о м и к а н ы ң басым бағыттарын, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға бағытталған. С о н д а й — а қ б і л і м б е р у ж ә н е денсаулық сақтау салаларына да жаңа нысандар салу және жұмыс істеп тұрғандарын жабдықтау үшін қолдау көрсетіледі. Қаржыландыру бағдарламада белгіленген тауарлар мен қызметтердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама бойынша кәсіпкерлерге сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және несиелерді кепілдендіру бойынша көмек көрсетіледі. Несиені банктер 15 пайызбен берсе, оның 6 пайызын кәсіпкер, 9 пайызын «Даму» қоры өтеп береді. Субсидия инвестициялық жобалар бойынша 10 жылға төленеді. Субсидия құралы бойынша несиенің сомасына шектеу қойылмаған. Егер несие алу үшін кепілдік қажет болған жағдайда 3 миллиард теңгеге дейін – 50, 3-5 миллиард теңгеге дейін 30 пайыз кепілдік беріледі.

«Бизнестің жол картасы-2025» ж ә н е « Қ а р а п а й ы м з а т т а р экономикасы» бағдарламалары бойынша былтыр облыста жалпы сомасы 53,1 миллиард теңгені құрайтын 292 жоба субсидияланды. 2 0 1 9 ж ы л м е н с а л ы с т ы р ғ а н д а жобаның саны 87 пайызға артты. Қаржыландырылған жобаның 40 пайызға жуығы облыс аудандарында жүзеге асырылған. Несиенің жалпы сомасы 9,2 миллиард теңгені құрайтын 306 жоба банктермен «Даму» қорының кепіл болуымен қаржыландырылды. Бұрнағы жылмен салыстырғанда кепілдік берілген жобалардың саны 212 пайызға өсті, – дейді филиал директоры Берік Нұрғалиев.

Жеке кәсіпкерлердің алған несиелерін мақсатты жұмсауы филиал тарапынан бақыланады екен. Әрбір клиентпен тығыз байланыста жұмыс істейтін «Дамудың» қызметкерлерімен бірге Тараз қаласынан құрылыс материалдары мен сантехникалық құрал-жабдықтар сататын дүкені және үй жиҺаздарын жасайтын цехы бар жеке кәсіпкер Ахмет Әлиевтің дүкенінде болдық. Ол азамат Өзбекстаннан келген қандасымыз болып шықты. Жалпы сырттан келген қазақтың қай-қайсысы болсын еңбек десе жанып тұратынын бұрыннан білеміз. Ахмет те сондай екен.

– 2019 жылы «Даму» қоры арқылы «Сбербанк» АҚ-нан 6 пайыз үстемемен 15 миллион теңге несие алып, мына дүкенімнің құрылысын бітіріп алдым. Несиені 5 жылда қайтаруым керек. Қор қызметкерлерінің бізге бағыт-бағдар беріп, құжатымызды реттеуге барынша көмектескеніне риза болдым. Бүгінде айына 290 мың төлеп отырмын. Құдайға шүкір, тірлік жүріп тұрған соң, қарызды қайтаруда сонша қиналып жатқаным жоқ. Рас, былтыр коронавирус індетіне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде жұмысымыз екі айға тоқтап қалғаны болмаса, іркіліс жоқ. Оған дейін де өзімнің үй жиһаздарын жасайтын цехым бар еді. Мұнда соған қажетті бөлшектер, құрылыс материалдары және сантехникалық жабдықтар сатамыз. Қазір цех пен мына дүкенде 25 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын. Несиені төлеп біткен соң, 30-40 миллион теңге көлемінде тағы да алмақпын. Шағын және орта бизнестің дамуына ерекше қамқорлық жасап отырған Мемлекет башысына алғыстан басқа айтарым жоқ, – деді жеке кәсіпкер.

«Дамудың» облыстағы филиалы тараздықтарға ғана емес, ауылдағы азаматтарға да қамқор-көмегін көрсетіп келеді. Ауылдардағы ағайынның көбі алған несиелеріне мал алып, бордақылап, базарға шығарады, жер баптап, егін салады, бау-бақша өсіреді. Дүкен, шағын цех ашып жатқандар да бар. Мәселен, Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының тұрғыны Эльвира Кенжебаева қор арқылы банктен 5 миллион теңге алып, мүйізді ірі қара малы мен жем тартатын құрылғы сатып алыпты.

– Келіншегім несие алып, ел қатарлы тірлік жасайық дегенде бірден қолдау көрсеттім. Мына жем тартатын құрылғыны Ресейден 500 мың теңгеге сатып алдық. Қазір ауылдықтардың арпа-бидайын тартып беремін. Бұл да бизнестің бір түрі. 2019 жылы қолға қаржы түсісімен 11 бас тайынша алып едік, сол малды бордақылап сатуға қойып отырмыз. Қазір қолда 18 бас мүйізді ірі қара малымыз болса, оның төртеуі бордақы. Сәтін салса мамыр айында базарға шығарамын. Отыз шақты уақ мал да балалардың нәсібі. Әйелім екеумізден бөлек, тағы да төрт адамға жұмыс беріп отырмын. Тірлік істеймін деген адам несие алудан қашпауы керек, алты пайыз үстеме деген түк емес, – деді Нұрболат Сағымбаев.

Тараз қаласындағы «Сауда орталығында» арнайы дүкенде ет-сүт өнімдерін сатып тұрған Эльвираның саудасы қызып жатқанының үстінен түстік. Қой еті мен ағарғанның тұрақты алушылары бар екен. «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген рас қой. Балалар мектеп жасында, осы қалада оқиды. Өзіміздің осында пәтеріміз бар, апам қарайды. Нұрболат үйдегі шаруашылықтың тірлігін тап-тұйнақтай тындырып отыр. Мен міне, өздеріңіз көріп тұрғандай өндірген өнімімізді өткерудемін. Мына несиені төлеп біткен соң тағы да алмақ ниеттеміз. Күйеуімнің алдағы уақытта қолға алмақ жобалары бар», – дейді Эльвира.

Бүгінде облыс әкімдігінің қолдауымен «Береке» аймақтық бағдарламасының жүзеге асырылып жатқаны да көңіл қуантады. Былтыр жыл соңына қарай бағдарлама аясында жергілікті кәсіпкерлердің жобаларын қ а р ж ы л а н д ы ру м а қ с ат ы н д а 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініпті. Оның 500 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен, 500 миллион теңге сі «Даму » қоры есебінен бөлінген. Бағдарламаға облыс аумағында тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандары қатыса алады, оған қатысу үшін кәсіп түрлеріне шектеу қойылмаған. Бір кәсіпкер үшін берілетін несиенің ең жоғары мөлшері – 50 миллион теңге. Пайыздық мөлшерлеменің көлемі – 7 пайыз. Несие инвестициялық мақсатта 7 жылға дейін, айналым қаражатына 3 жылға дейін беріледі.

– Кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, «Бизне стің жол картасы-2025» бағдарламасы арқылы біздің «Даму» қорының кепілдігін пайдалануға мүмкіндік бар. 2019-2020 жылдары осы бағдарлама бойынша жергілікті кәсіпкерлердің жалпы құны 377 миллион теңгені құрайтын 15 жобасы қаржыландырылды. Осы бағдарлама аясында өз жобаларын қаржыландыру үшін кәсіпкерлер «Халық Банк» АҚ, «Сбербанк» АҚ және «Forte Bank» АҚ филиалдары мамандарына жолығуларына болады. Қаражат жеткілікті, – деді Берік Нұрғалиев.

« Д а м у » – ж е к е б и з н е с і н дамытамын деген кәсіпкерлерге мол мүмкіндік. Сондықтан да жеке кәсіп ашып, тірлік етемін деген азаматтар мұндай мүмкіндікті қалт жібермей, шаруасын шалқытып, тірлігін дөңгелетіп алып кетсе дейміз.

Амангелді Әбіл,

Тараз қаласы және

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support