- Advertisement -

Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат шындыққа жанаспайды

77

- Advertisement -

 

Кейбір республикалық ақпарат көздері осыдан екі күн бұрын Талас ауданы Майтөбе ауылы су астында қалды деген ақпарат таратқан еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

12-ші қаңтарда сағат 18:00 шамасында Майтөбе ауылы маңындағы Қаратауда күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның салдарынан қар еріп, жердің тоңы әлі қатты болғандықтан, су тасыған болатын. Биіктігі 3-5 см шамасында болған.

Дерек белгілі болған сәттен бастап жергілікті атқарушы органдар мен аудандық Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен әрекеті арқасында су деңгейін төмендету бойынша жұмыстар атқарылған.

Нәтижесінде 13 қаңтар  күні сағат 02:00-де су нөпірі тоқтап, арнайы аршылған арнамен Билікөлге құя бастады.

Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімі елдімекендегі аулаларды түгел аралап, тексерді. Анықталғандай, еріген қар суы ауылдағы 3 ауланың қорасына ғана кірген. Тұрғын үйлерге қарай су жайылмаған.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support