- Advertisement -

Өз-өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды алдын ала анықтайтын құрылғы қолданысқа енді

162

- Advertisement -

 

Өңірде пробация қызметінің есепте тұрған азаматтардың психо-эмоциялық жағдайын тез арада анықтайтын құрылғы қолданысқа енді. «Ақсұңқар» тестілеу кешені Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің ғимаратында орнатылды.

– Бүгінде психолог мамандар есепте тұрған азаматтардың  психологиясын тексеруді жаңа технологияға көшіру үшін жұмыс атқаруда. Айта кету керек, аталған аппарат заманауи үлгіде озық технологиямен жабдықталған. Мамандардың сөзінше, осындай әмбебап құрылғының тигізер пайдасы мол. Жаңа құрылғы бір адамды 20 минут ішінде тесттен өткізіп, нәтижесінде айна қатесіз шығаруға қауқарлы. Бұған дейін, қолданыста болған әдіс арқылы есептегі азаматтың психо-эмоциялық жағдайын тексеру үшін 5-6 сағат кететін. Компьютерлік технологияның ұтымды тұсының бірі азаматтармен кеңінен жұмыс жасауға жол ашпақ, — деді Қордай аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет майоры Ғалым Әбдіразақов.

Жалпы, «Ақсұңқар» тестілеу кешені  суицидтың алдын-алуда, пробация қызметінің есебіндегі өз өзіне қол жұмсауға бейім тұлғаларды күні бұрын анықтауға және психикалық дәрежесін білуге таптырмас құрал.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support