- Advertisement -

Айда естілген азан

439

- Advertisement -

19 20 21

1969 жылдың 20 маусымында «Аполлон-11» космос кемесімен ғарышқа ұшқан Нил Армстронг пен оның серіктестері, ғарышкерлер – Олдринг пен Коллинс Айға қонды. Ай бетіне аяқ басқан алғашқы сәтте олар алыстан бұлдырап көрінген ашық тұрған үлкен кітапты байқайды. Артынша, олар бір әуен естиді. Ғарышкерлер алғашқыда ол әуенді радио толқынының жаңғырығы болар деп ойлайды. Бірақ, Ай бетінде радио толқындарының қабылдануы мүмкін емес. Жердегі ғарышкерлермен бірге байланыс орталығындағылар да арнайы байланыс құралы арқылы сол әуенді естиді. Бірақ, ғарыш орталығындағылардың бірі «Дауыс жерден шықты» десе, енді бірі «Айдан келіп жатыр» дейді. Дауыстың қайдан келіп жатқанына нақты дәлел таба алмаған орталықтағылар бір байламға келе алмайды. Ғарышкерлер кітапты суретке түсіріп, әуенді таспаға жазып алады. Алайда оған ешбір ғылыми негіз табылмағандықтан, тылсым дүние жұмбақ күйінде құпия сақталады.

 

Тек, араға он төрт жыл салып барып, 1983 жылы американдық ғарышкер, астронавт Нил Армстронг ғылыми конференцияға қатысу үшін Мысырға келгенде ғана жұмбақ әуеннің сыры ашылады. Мысырдағы конференцияға қатысып президиумда отырған Армстронгтың құлағына Ай бетінде естілген құпия әуен қайта келеді. Айдағы әуенді Жерден естіген Армстронг жан-жағына елеңдеп, түрі өзгеріп сала береді. Таңқалысын жасыра алмаған ғалым, айналасындағылардан «Бұл қандай әуен?» деп сұрайды. Олар мұның жай әуен емес, мұсылмандарды намазға шақыру белгісі – азан екенін айтады. Сонда Армстронг алғаш Айға қонғанда осы дауысты естігендігін айтады. «Осы дауыс! Менің алғаш рет Айға қонғанда естігенім осы дауыс! Тұла бойымды шымырлатып, шып-шып тер шығарған осы дауыс», – деп таңданысын жасыра алмайды. Сол күннен бастап ғарышкер, астроновт-ғалым Нил Армстронг ислам дінін қабылдаған екен.

 

Ғалымдар азанның жер шарында 24 сағат бойы үздіксіз айтылатынын дәлелдеген. Біріккен араб әмірлігінің математик-ғалымдары азанның айтылуы бойынша арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеу қорытындысын жариялаған ғалым Абдул Хамид әл-Фадил 360 сағаттық меридианнан тұратын жер планетасының әр меридианы бір-бірінен тура төрт минуттық интервалмен бөлінетінін есептеп шыққан. Азан да орта есеппен 4 минут айтылады екен. Яғни, бір меридианда айтылып бітсе, келесі меридианда басталып жатады.

 

 

 

«Ақ жол-Ақпарат».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support