- Advertisement -

Праймериз: облыс әкімі Б.Сапарбаев дауыс берді

117

- Advertisement -

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы №3 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша праймеризде бақ сынауға 768 кандидат тіркелген.
Кандидаттардың 269-ы әйел, 222-сі 35 жасқа дейінгі жас, 28-і көп балалы ана, 29-ы қандас және 8-і мүмкіндігі шектеулі жан.

Үміткерлердің 111-і бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылса, 657-і өзін-өзі ұсыну мүмкіндігін пайдаланған. Кандидаттардың қатысуымен 2736 шара өтіп, 176 жария пікірсайыс ұйымдастырылған.

Қазіргі таңда сайлау учаскелеріндегі жұмыс қыза түсуде.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша 42469 сайлаушы онлайн дауыс береді деп күтілсе, оның 31855-і өз таңдауын жасап үлгерген. Ал, 4557 сайлаушы дәстүрлі дауыс беру әдісін таңдаған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support